17.04.2015, 19:51 3324

"Қазақтеӊізкөлікфлоты" АҚ-ныӊ мұнай тасымалдау көлемі 2014 жылы 9 миллионнан астам тоннаны құрады

"Қазақтеӊізкөлікфлоты" АҚ-ныӊ теӊіз бойынша мұнай тасымалдау көлемі 2014 жылы 9 миллионнан астам тоннаны құрады. Бұл туралы "Қазақтеӊізкөлікфлоты" АҚ кеӊсесініӊ ашылуы кезінде Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Алик Айдарбаев хабарлады. Ғимараттыӊ ашылу рәсіміне "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыӊбаев қатысты

Астана. 17 сәуір. Kazakhstan Today - "Қазақтеӊізкөлікфлоты" АҚ-ныӊ теӊіз бойынша мұнай тасымалдау көлемі 2014 жылы 9 миллионнан астам тоннаны құрады. Бұл туралы "Қазақтеӊізкөлікфлоты" АҚ кеӊсесініӊ ашылуы кезінде Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Алик Айдарбаев хабарлады. Ғимараттыӊ ашылу рәсіміне "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыӊбаев қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Өткен жылы мұнай тасымалдаудыӊ жалпы көлемі 9 млн 606 мыӊ тоннаны немесе көрсеткіш жоспары бойынша 109 % құрады. Компания қызметі "Ақтау" теӊіз портыныӊ жүктемесіне мүмкіндік бере отырып, теӊіз жолы арқылы жүкті ауыстырып тиеуді арттырады. Теӊіз сауда көлігі Маӊғыстау облысындағы көлік саласыныӊ еӊ негізгісі болып барады", - деп атап өтті өз сөзінде Алик Айдарбаев.

Компанияныӊ ақпараттары бойынша, жүк келесі бағыттар бойынша бөлінді: Ақтау-Махачкала - 2 677 мыӊ тонна, Баку портына (Сангачал порты, Дюбенди порты) 1 919 мыӊ тонна мұнай, Қара теӊізге - 3 394 мыӊ тонна, Жерорта теӊізіне - 1 546 мыӊ тонна. 2014 жылдыӊ наурыз және мамыр айларында ҚТКФ жекеменшік флотымен Түркіменбашы-Баку порты бағыты бойынша 70 мыӊ тонна мұнайды тасымалдады.

Бұдан басқа, "Нұрлы Жол" Қазақстанныӊ экономикалық саясатыныӊ аясында, транзиттік жүк тасқынын дистрибуциялайтын және шоғырландыратын, және шетелдегі қазақстандық экспортты жылжытатын орталықтарды ашу мақсатында сыртқы терминалды инфрақұрылысты орналастырудыӊ негізгі нүктелері анықталды.

"Бүгін Маӊғыстау облысын Қазақстанныӊ оӊтүстік-батысындағы өӊірлік хаб ретінде қалыптастыру үшін ірі жоабалардыӊ қатарын жүзеге асыру басталды. 2014 жылы жүк қозғалысы басталған "Жезқазған-Бейнеу" темір жол желісі. Бұл желі Қазақстанныӊ төрт облысы арқылы өтіп, еліміздіӊ шығысын, орталығын және батысын еӊ қысқа жолмен өзара байланыстырады. Құрық ауылындағы паромды кешенге кіреберіс жолды қамтамасыз ететін "Боржақты-Ерсай" темір жол желісі. Құрық ауылындағы паромды кешен ХТТ (халық тұтынатын тауарлар) жүгін ауыстырып тиеуге бейімделген.

Ақтау халықаралық теӊіз сауда портын солтүстік бағытқа кеӊейту және Ақтау қаласындағы "Ақтау теӊіз порты" ЕЭА көлік-логистикалық орталықтыӊ құрылысы", - деп мәлімдеді Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Алик Айдарбаев.

Mangystau Online ақпарат орталығы

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны