05.12.2016, 19:19 4668

Қазақтыӊ мәдени құндылықтарын адамзаттыӊ материалдық емес мәдени мұраларыныӊ репрезентативтік тізіміне қосу жөніндегі ЮНЕСКО сертификаты тапсырылды

Иманғали Тасмағамбетов қазақтыӊ мәдени құндылықтарын адамзаттыӊ материалдық емес мәдени мұраларыныӊ репрезентативтік тізіміне қосу жөніндегі ЮНЕСКО сертификатын тапсырды.

Астана. 5 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін, 2016 жылғы 5 желтоқсан күні Астанадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақстанныӊ материалдық емес мәдени мұрасына арналған экспозиция ашылды,- деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасарыныӊ хатшылығы.
Иманғали Тасмағамбетов қазақтыӊ мәдени құндылықтарын адамзаттыӊ материалдық емес мәдени мұраларыныӊ репрезентативтік тізіміне қосу жөніндегі ЮНЕСКО сертификатын тапсырды.
"Біздіӊ бай тарихымыздыӊ материалдық емес мұрасы тереӊ рухани мағынаға ие және ол ұлттыӊ мәдени құндылықтарыныӊ негізі саналады. Тәуелсіздіктіӊ алғашқы күндерінен бастап Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев мәдени ескерткіштерді сақтауға ғана емес, сонымен қатар ел аумағында тұратын халықтардыӊ салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпыныӊ қайта жаӊғыруына үлкен көӊіл бөліп келеді. 2003 жылы Президенттіӊ тапсырмасымен "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Қазақстан ТМД елдерініӊ ішінде алғашқылардыӊ бірі болып осындай ауқымды жобаны жүзеге асырды", - деді ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Иманғали Тасмағамбетов.
Бағдарлама орындалған 8 жылдыӊ ішінде 78 тарихи және мәдени ескерткіштер қайта қалпына келтіріліп, орта ғасырлардағы күй, тарихи әуендер сияқты қазақ музыкасы тереӊ зерттелді. "Мәӊгілік сарын: қазақтыӊ 1000 күйі, 1000 әні" қазақ дәстүрлі әндерініӊ антологиясы шықты. Қазіргі уақытта еліміздіӊ материалдық емес мәдени мұрасын сақтауға және дамытуға бағытталған "Рухани мұра" мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу мәселесі қарастырылуда.
Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанныӊ басты жетістігі - ЮНЕСКО-мен достық қарым-қатынасты орнату және нығайту болып саналады. Халықаралық ұйыммен ынтымақтастық аясында материалдық емес мәдени мұраларды қорғау саласында біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі Ұлттық комитет құрылды, адамзаттыӊ репрезентативтік тізіміне алғашқы қазақстандық ұсынымдар әзірленіп, ұлттық тізім бекітілді. Оныӊ нәтижесінде 2014-2015 жылдары бүкіл әлемдік адамзаттыӊ материалдық емес мәдени мұралар тізіміне қазақтыӊ киіз үйі, айтыс және күй өнері енгізілді. Сондай-ақ, ЮНЕСКО-ныӊ материалдық емес мәдени мұралар тізіміне Қазақстанныӊ "Наурыз" көпұлтты номинациясы, "Саят құстармен аӊ аулау" көпұлтты номинациясы, "Жұқа нанды дайындау дәстүрі: лаваш, қатырма, жұпқа, юфка" және "Қазақ күресі" ұлттық номинациялары енді.
"Қазақтыӊ қасиетті киіз үйі", "Суырып салма айтысы" мен "Күмбірлеген киелі күйі". Ендігі жерде бұл қазақтыӊ ғана емес, бүкіл адамзаттыӊ рухани мұрасы саналады. Оған куә - бүгін мұражайға тапсырылып отырған ЮНЕСКО-ныӊ арнайы сертификаттары. Сөз жоқ, бұл енді бірнеше күннен соӊ бүкіл ел болып атап өтетін Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына тамаша тарту әрі лайықты үлес деп білемін", - деп атап өтті Иманғали Тасмағамбетов.
Осыдан кейін, вице-премьер Иманғали Тасмағамбетов ЮНЕСКО сертификаттарын этнографиялық залға үнемі қою үшін Ұлттық музей директоры Д. Мыӊбайға салтанатты түрде тапсырды.
Экспозицияныӊ ашылуында Қазақстан Республикасыныӊ Еӊбек сіӊірген әртістері, күйші Айгүл Үлкенбаева, Секен Тұрысбеков, сонымен қатар, айтыскер ақындар Сара Тоқтамысова, Серікзат Дүйсенғазы қатысып, сөз сөйледі.
Сонымен бірге, еліміз 2017 жылы ЮНЕСКО-ныӊ аталған тізіміне "Асық ұлттық ойыны" номинациясын енгізуді және "Қорқыт мұралары" көпұлттық номинациясын үйлестіруді жоспарлап отыр.
ЮНЕСКО-ныӊ тізіміне мұраларды тіркеу Қазақстанныӊ материалдық емес мәдени мұраларын елімізде және халықаралық деӊгейде кеӊінен насихаттауға, сондай-ақ оларды қорғау бойынша ұлттық деӊгейде жүйелі шаралар қабылдауға ықпал етеді.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны