26.01.2007, 16:48 3275

Қазастанның елбасы жақын күндері Германияға ресми сапармен бармақ

АСТАНА. 26-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев 29-қаңтар мен 1-ақпан аралығында ФГР канцлері Ангель Меркельдің шақыруымен Германияға ресми сапармен барады, деп хабарлады бүгін брифингте Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ишікбаев. 
 
Оның ақпараттарына сүйенсек, сапар барысында Қазақстан басшы мен Германия канцлерінің арасында екі жақты келіссөздер жасалмақ. Сонымен қатар, "мемлекет басшысының федеральдық президент Хорст Келермен, бундестаг төрағасы Норберт Ламмертпен, сондай-ақ, қоғамдық-саяси топтың өкілдерімен, ірі германия компанияларының басшыларымен, қазақ диаспорасының өкілдерімен,  студенттермен кездесуі жоспарланған". 
 
Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екі жақты құжаттарға қол қою жоспарлануда. 
 

Қазақстанның Германиямен Еуропадағы серіктестіктің кілті ретіндегі екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейтудің маңыздылығын ескере отырып, "Қазақстан-германиялық экономикалық диалог" атты экономикалық форум өткізу жоспарлануда",- деп атап өтті Е. Ишікбаев. 

 
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ФГР Қазақстанмен сауда серіктестігінің ауқымы бойынша алтыншы болып табылады. Сауда айналымы 2006 жылдың қаңтары мен қараша айлары аралығында 2,2 млрд АҚШ долларын құраған, соның ішінде экспорт үлесі 0,5 млрд АҚШ долларын, импорт - 1,7 АҚШ долларын құраған. 2005 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 1,7 млрд АҚШ долларын, 2004 жылы - 1,2 АҚШ долларын құраған. 
     
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны