02.09.2015, 14:17 4131

Қазатомөнеркәсіп Қытай арқылы Солтүстік Америкаға уран жеткізеді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары шеӊберінде "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ мен CNEIC (China Nuclear Energy Industry Corporation - Қытай ядролық-энергетикалық өнеркәсіп корпорациясы) президенті Лю Чшун Шэн Қытайда табиғи уран концентраттарын уақытша сақтау және Солтүстік Америкаға тасымалдау қызметтерін сатып алу туралы Келісімге қол қойды

Астана. 2 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары шеӊберінде "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ мен CNEIC (China Nuclear Energy Industry Corporation - Қытай ядролық-энергетикалық өнеркәсіп корпорациясы) президенті Лю Чшун Шэн Қытайда табиғи уран концентраттарын уақытша сақтау және Солтүстік Америкаға тасымалдау қызметтерін сатып алу туралы Келісімге қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ұлттық компания хабарлағандай, келісім-шартта тауарды уақытша сақтау мен ҚХР аумағы арқылы АҚШ пен Канаданыӊ батыс порттарына транзитті тасымалдау қарастырылған. Қазақстан-қытай ынтымақтастығы Қазатомөнеркәсіптіӊ уран өнімдерін әлемдік нарыққа шығару бағытын әртараптандыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

ҚХР-на сапары барысында ұлттық атом компаниясыныӊ басшысы Асқар Жұмағалиев Қытай мемлекеттік ядролық корпорациясы (CNNC) Бас директоры Цянь Чжиминьмен кездесті. Тараптар атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша бірқатар мәселелерді талқылады.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ және CNNC көп жылдық ынтымақтастық тәжірибесіне ие. Қытай мемлекеттік ядролық корпорациясы - толық ядролық отын циклына ие ірі компаниялардыӊ бірі. CNNC тобындағы 110 еншілес кәсіпорында 100 мыӊнан астам адам еӊбек етеді. Корпорация жиынтық қуаты 9800 МВт-қа теӊ 12 энергетикалық блокқа ие 6 АЭС пайдалануда.

CNNC-ніӊ еншілес кәсіпорны саналатын CNEIC ядролық отын циклы өнімдерініӊ импорт және экспортымен шұғылданады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны