20.06.2014, 20:16 3436

Қазатомөнеркәсіп пен Qatar Solar Energy кремний, күн ұяшықтары мен пластиналарын Катар еліне жеткізу туралы меморандумға қол қойды

Қазатомөнеркәсіп пен Qatar Solar Energy кремний, күн ұяшықтары мен пластиналарын Катар еліне жеткізу туралы меморандумға қол қойды

Алматы. 20 маусым. Kazakhstan today. Бүгін Астана қаласындағы күн панельдерін шығаратын "Astana Solar" ЖШС зауытының аумағында отандық KazPV жобасына кіретін компаниялар тобы ("Аstana Solar" ЖШС, "Kazakhstan Solar Silicon" ЖШС, "KazSilicon" ЖШС) мен Катарлық Qatar Solar Energy және американдық "Clean Power Innovation" компаниялары Катар мемлекетіне күн ұяшықтары мен пластиналарын жеткізу бойынша әріптестік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Құжатқа KazPV жобасы тарапынан бақылаушы кеңес төрағасы - "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Азат Бетекбаев, Катар елі тарапынан Qatar Solar Energy компаниясының бас директоры - Салим Аббаси, Clean Power Innovation тарапынан - Камель Оунаджела (Kamel Ounadjela) қол қойды.

Меморандум Qatar Solar Energy компаниясымен жаңармалы энергия көздері саласындағы стратегиялық даму және әріптестікті нығайтуға бағытталған. Нақты айтқанда, бұл құжат қазақстандық өнім өндірушілеріне Катар мемлекетінің нарығына "KazSilicon" ЖШС-нің күн кремнийін, "Kazakhstan Solar Silicon" ЖШС-нің фотоэлектрлі пластиналары мен сұр ұяшықтарын жеткізуге мүмкіндік береді. Қазақстандық кремнийді күн сапасына дейін тазарту Clean Power Innovation компаниясының технологиясымен жүргізіледі және CPI зияткерлік меншік иесі бола тұра, Катарға жеткізілетін шикізат өнімінің сапасын қамтамасыз етеді.

Меморандумға сәйкес, тараптар жақын арада келіссөздер жүргізіп, Катар еліне отандық өнімді жеткізу мерзімі мен ауқымын анықтайтын болады. Келіссөздер нәтижесінде "KazSilicon" ЖШС және "Kazakhstan Solar Silicon" ЖШС-мен оффтейк келісім-шарттар жасалады.

Анықтама.

Qatar Solar Energy мен Қазатомөнеркәсіптің жаңармалы энергия көздері саласындағы қарым-қатынасының тарихы жақында бастау алып, қарқынды дамуда. Катардың жаңармалы энергия көздерін дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2014 жылдың басында ел астанасы Доха қаласының маңындағы жаңа индустриалық ауданда күн модульдерін шығарумен шұғылданатын Qatar Solar Energy зауытының ашылуы өтті. Зауыт қуаттылығы әзірге жылына 300 МВт болса, алдағы уақытта бұл көрсеткіш 2.5 ГВт жеткізіледі деп жоспарлануда.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ өкілдері өндірістік кешеннің ресми ашылу рәсіміне шақырылған болатын. Аталған жоба соңғы жылдар ішінде баламалы энергия көздеріне инвестиция құйған әлемдегі ең ірі жобаларының бірі болып табылады.

Қазақстан күн панельдерін шығаратын негізгі шикізат - кремний жеткізетін үш елдің бірі, Qatar Solar Energy бас директоры Салим Аббаси елімізге QSE зауытына қажетті SoG сапалы керемний шығару бойынша бірлескен жоба түзу туралы ұсыныс жасады.

Үстіміздегі жылдың 10 маусымы Катарда "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ сапартобы Qatar Solar Energy бас директоры Салим Аббасимен келіссөз жүргізді. Кездесу барысында алдағы әріптестік жолдары, нақты айтқанда қазақстандық кремнийді күн сапасына дейін тазартуға тікелей инвестиция құю, SoG сапалы өнім жеткізу бойынша ұзақ мерзімді оффтейк келісім-шарттар жасау міселесі талқыланды. Сондай-ақ кездесу қорытындысы бойынша тараптар Салим Аббасидің Қазақстанға келуі туралы уағдаласты.

Бүгін қол қойылған құжат қазақстандық кремнийді дамыту жолындағы жаңа қадам болмақ, өйткені Катар елі Парсы шығанағындағы күншуақты мемлекеттердің бірі болғандықтан, экологиялық таза энергия көзін дамытуды бетке алып, кем дегенде жылына 300 МВт энергия шығаруды көздеп отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны