26.06.2014, 19:22 2837

Қазатомөнеркәсіп пен Росатом өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Аталмыш Меморандум мемлекет басшылары деңгейіндегі қазақстан-ресей кеңестері барысында қол жеткізілген келісімдер негізінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының балама энергетика мен сирек және сирек жер металдар өндірісіндегі екі жақты ынтымақтастығын дамытуды көздейді.

Алматы. 26 маусым. Kazakhstan today. 25 маусым күні Мәскеуде "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ және "Росатом" мемлекеттік корпорациясы арасындағы дәстүрлі болмаған (балама) энергетика (күн және жел) мен сирек және сирек жер металдар өндірісі салаларындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатқа "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы В.С. Школьник пен "Росатом" МК бас директоры С.В. Кириенко қолдарын қойды.

Аталмыш Меморандум мемлекет басшылары деңгейіндегі қазақстан-ресей кеңестері барысында қол жеткізілген келісімдер негізінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының балама энергетика мен сирек және сирек жер металдар өндірісіндегі екі жақты ынтымақтастығын дамытуды көздейді. Жинақталған ғылыми-өндірістік әлеует пен тараптардың иелігіндегі шикізат мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сирек және сирек жер металдарды, олардың қосындылары мен сирек және сирек жер металдар негізіндегі терең технологиялық бөлістегі өнімдерді өңдеуді жолға қоюды қарастырады. Сонымен қатар, күн және жел энергетикасы саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру да жоспарланған.

Қол қойылған құжат Қазақстан мен РФ-дағы тұтынушыларға, үшінші елдердің нарығына сирек және сирек жер металдар негізіндегі шикізат пен өңделетін өнімдерді, жабдықтар мен олардың құрамдас бөліктерін жеткізіп беруді, сондай-ақ тәжірибе мен білім алмасуды көздеген. Меморандумды жүзеге асыру тараптардың құзыреттеріне, өндірістік қуаттары мен технологияларына, сондай-ақ жобаларды қаржыландырудың әлеуетті көздеріне жүйелі талдау жүргізуді де қамтымақ. Қол қойылған Меморандум аясында іске асырылатын жобаларды тиімді басқару мақсатында, ҚР мен РФ бірлескен кәсіпорындар құру мүмкіндіктерін де қарап шығады. Оған қоса, Ядролық-энергетикалық саладағы ынтымақтастық бойынша қазір жұмыс істеп тұрған қазақстан-ресей жұмыс тобының шеңберінде ынтымақтастықтың нақты бағыттары мен жобаларын әзірлеу үшін сарапшылар тобы құрылатын болады.

Меморандум баптарын орындау бойынша "Жол картасын" 2014 жылдың 1 тамызына дейін бекіту жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны