10.12.2009, 17:43 2864

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" акционерлік қоғамының бұрынғы президентіне қатысты іс сотқа жолданды - Бас прокуратура

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" акционерлік қоғамының бұрынғы президентіне қатысты іс сотқа жолданды - Бас прокуратура

Астана. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today -"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" акционерлік қоғамының бұрынғы президентіне қатысты іс сотқа жолданды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында, яғни, кеше, Жәкішев пен Қыстаубаевқа қатысты қылмыстық іс Астана қалалық прокуратурасымен негізінен қарау үшін сотқа жолданды",- деді Нұрдәулет Сүйіндіков.

Оның айтуынша, "Тергеу "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" акционерлік қоғамының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевке аталған компанияның мүлкін мемлекетке ірі көлемде материалдық залал келтіре отырып, ұйымдасқан топпен, бірнеше рет ысырап ету арқылы ұрлады деген айып тағып отыр (Қылмыстық Кодекстің 176- бабының 3-бөлігінің "а,б,г" тармақшалары)".

"Атап айтқанда, 2003 жылы бұған тиісті қызметтік негіздердің жоқтығына қарамастан Жәкішев Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен өзара іс-қимыл жасауды сылтау етіп, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" акционерлік қоғамының Венадағы өкілдігін ашқан",- деді Нұрдәулет Сүйіндіков.

"Осылайша, Венадағы өкілдіктің ғимарат жалдау, жалақы төлеу, мүлік сатып алу сияқты түрлі шығындарына қаражат бөлу арқылы 2003 жылдың шілдесінен 2007 жылдың қыркүйегіне дейін "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының 99 763 961 теңгесі ұрланған",- деді ресми өкіл.

"Прокуратура істі бас сот талқылауына дайындау барысында құпия материалдарды зерделеу кездерінен басқа кезеңде істі ашық режимде қарауды ұсынатын болады",- деді Нұрдәулет Сүйіндіков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны