01.06.2009, 18:23 2757

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК-ның бұрынғы басшысына мемлекеттік уран кеніштерінің 60%-ын заңсыз меншіктеніп алу жөнінде айып тағылып отыр - ҰҚК

""Қазатомөнеркәсіп" ҰАК-ның бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің мемлекеттік уран кеніштерінің 60%-ын заңсыз меншіктеніп алуы және ондаған миллион долларды шығаруы жөніндегі деректер расталды. Тергеу барысында Жәкішевтің "қара кассасы" табылып, одан тергеушілер 3 млн доллар көлеміндегі қолма-қол ақша мен компания құжаттары тәркіленді", - деді К.Бекназаров.

Астана. 1 маусым. "Қазақстан Бүгін"- "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК-ның бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевке мемлекеттік уран кеніштерінің 60%-ын заңсыз меншіктеніп алу жөнінде айып тағылып отыр. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің жетекшісі Кенжеболат Бекназаров бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Тергеу барысында белгілі болғанындай, 2004 - 2007 жылдар аралығында уран өнімдерінен түскен ақшаны ұрлау мақсатымен Жәкішевтің нұсқауымен нақты құны ондаған мың долларды құрайтын 200 мың тоннадан астам стратегиялық уран қоры бар бірқатар оффшорлық компаниялар мен жалған фирмалар құрылған. Бұл іс бойынша "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК-ның бұрынғы вице-президенттері жауапқа тартылып отыр", -деді К. Бекназаров.

""Қазатомөнеркәсіп" ҰАК-ның бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің мемлекеттік уран кеніштерінің 60%-ын заңсыз меншіктеніп алуы және ондаған миллион долларды шығаруы жөніндегі деректер расталды. Тергеу барысында Жәкішевтің "қара кассасы" табылып, одан тергеушілер 3 млн доллар көлеміндегі қолма-қол ақша мен компания құжаттары тәркіленді", - деп хабарлайды ол.

К. Бекназаровтың хабарлауынша, "күдіктілердің мойындауы бойынша бұл қаржы "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК-ның қызметіне қатысушы кәсіпорындардың жетекшілерінен жиналған және олар Жәкішевке тиімді шешімдер қабылдату үшін лауазым иелерін сатып алу мақсатында пайдаланылған". "Түрлі мемлекеттік органдардың, лауазым иелерінің, іскерлік ортадағы топтардың өкілдерінің тізімдері табылды", - деді К.Бекназаров.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы, Қаржы полициясы, Қаржы министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қатарынан құралған Ведомствоаралық топ "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" акционерлік қоғамының қаржылық-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізуде.

Тексерудің алғашқы нәтижелері Мұхтар Жәкішев пен ұлттық компанияның басқа да басшылары өз қызмет жағдайын пайдалана отырып, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті Қазақстаннның уран ірі кен орындарындағы үлестер түрінде оффшорлы аймақтарда тіркелген бірқатар фирмалардың пайдасына беру жолымен ысырап қылу арқылы айтарлықтай экономикалық зиян келтіргенін куәландырады.

Атап айтқанда, М.Жәкішевтің нұсқауы бойынша 2005 жылы "Кең Дала КZ" АҚ жеке компаниясы құрылып, кейін оған Қызылорда облысындағы "Мың құдық" уран кен орнының "Орталық" учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығы өтеусіз берілген. Сол уақыт кезеңінде "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ тағы да осы Қызылорда облысындағы "Қызылқұм" ЖШС-дағы 30 % үлесін бар болғаны 15 млн. 600 мың теңгеге басқа оффшорлық компанияға сатып жіберген. Жер қойнауын пайдалану құқығын заңсыз беру фактілері басқа да кен орындарында анықталған.

Анықталған фактілер бойынша ұлттық қауіпсіздік органдары қылмыстық іс қозғады. Тергеу тобы қылмысқа қатысушылар мен қылмыс жасаудың негізгі құрылымын, сондай-ақ арнайы қаржы қымқыру мақсатында құрылған әдейі алдын-ала қойылған фирмалар мен компанияларды анықтады.

Осы іс бойынша оларға қатысты тиісті процессуальды шешім қабылданатын "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-тың әр түрлі деңгейдегі жеті басшысы негізгі дәлелдермен күдікті деп танылып отыр. Ал, М.Жәкішевке қатысты сот бұлтартпау шарасы ретінде оны тұтқындау қажет деп таныды.

Қылмыстық істі тергеу барысы ҚР Бас прокуратурасының бақылауында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны