23.07.2014, 19:38 3160

Қазғарыш басшысы "Ғалам" БК Бақылау кеңесінің отырысына қатысты

Қазғарыш басшысы Т. Мұсабаев аталған жұмыс сапарының шеңберінде Бордо қаласында (Франция) болды, - деп Қазғарыштың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 23 шілде. Kazakhstan today. Қазғарыш басшысы Т. Мұсабаев аталған жұмыс сапарының шеңберінде Бордо қаласында (Франция) болды, - деп Қазғарыштың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің (ҚР ҰҒА) делегациясы Қазғарыш төрағасы Талғат Мұсабаевтың басшылығымен әуе және ғарыш индустриясы әлеміндегі маңызды оқиғалардың қарсаңында келіссөздер мен кездесулер өткізу мақсатында Farnborough Airshow халықаралық әуеғарыш салонында болды.

Қазғарыш басшысы Т. Мұсабаев аталған жұмыс сапарының шеңберінде Бордо қаласында (Франция) болды, онда ол "Ғалам" Қазақстан-Француз кәсіпорны Бақылау кеңесінің кезекті отырысына қатысты, іс-шара барысында Қазғарыш өкілдері ҚР ҰҒА-ның стратегиялық әріптесі Airbus Defence and Space француз компаниясының көрме павильонын, сондай-ақ TFE жабдығы бар контейнерлер сақталатын объектілерді аралап көрді.

ҚР ҰҒА-ның "Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық компаниясы" АҚ және Airbus Defence and Space француз компаниясы "Ғалам" ЖШС бірлескен кәсіпорнының құрылтайшылары болып табылады, ол Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру және ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің құрылысы бойынша ірі екі ғарыш жобасын іске асыру мақсатында құрылған.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 30 сәуірінде Қазғарыштың тапсырысы бойынша Airbus Defence and Space француз компаниясы әзірлеген Француз Гвианасындағы "Куру" ғарыш айлағынан Жерді қашықтықтан зондтаудың жоғары кеңістіктік қабілеті бар "KazEOSat-1" алғашқы қазақстандық спутнигінің сәтті ұшырылғанын естеріңізге саламыз, сондай-ақ Орынбор облысындағы "Ясный"ұшыру базасынан Жерді қашықтықтан зондтаудың орташа кеңістіктік қабілеті бар "KazEOSat-2" спутнигі де орбитаға сәтті ұшырылған болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны