22.01.2014, 19:03 1793

Қазғарыш басшысы Президенттің Қазақстанда ғарыш саласын құру туралы тапсырмасын орындайтынына сендірді

"Биыл Қазғарыш бірнеше ғарыш аппараттарын ұшыруды, ғарыш инфрақұрылымының бірқатар нысандарын пайдалануға беруді жоспарлауда. Менің ойымша, біз Қазақстанда ғарыш саласын құру жөніндегі Президент тапсырмасын орындаймыз", - деді агенттік төрағасы.

Алматы. 22 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстанда ғарыш саласын құру жөніндегі Президент тапсырмасын орындаймыз, деді ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев.

"2014 жылғы бағдарламалық құжат ішінде Қазақстанда ұялы, мультимедиалық, нано және ғарыш технологиялары, робототехника, гендік инженерия, болашақ энергия көздерін іздеу және енгізу сынды жаңа салалар пайда болатыны жөнінде айтылғанда мен әрине қатты қуандым. Ғарыш саласының қызметкерлері үшін бұл Қазақстанның ғарыштық жолының дұрыс таңдалғанын білдіреді", - деп атап өтті Т.Мұсабаев.

Сонымен қатар, Ғарыш агенттігінің басшысы болашақта ғарыш саласында қандай жобалардың іске асатынын айтып өтті.

"Биыл Қазғарыш бірнеше ғарыш аппараттарын ұшыруды, ғарыш инфрақұрылымының бірқатар нысандарын пайдалануға беруді жоспарлауда. Менің ойымша, біз Қазақстанда ғарыш саласын құру жөніндегі Президент тапсырмасын орындаймыз", - деді агенттік төрағасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны