28.09.2016, 13:30 4234

Қазғарыш делегациясы жұмыс сапарымен Францияда болып қайтты

Қазғарыштыӊ басшысы жұмыс сапары барысында "Airbus Defence and Space" ("Airbus D&S") француз компаниясыныӊ басшылығымен кездесті, сондай-ақ "Ғалам" қазақстан-француз кәсіпорныныӊ ("Ғалам" ЖШС) Байқау кеӊесініӊ (БК) отырысына қатысты, Тулуза қаласындағы ғарыш қалашығын аралап көрді.

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетініӊ (Қазғарыш) төрағасы Еркін Шаймағамбетов бастаған Қазғарыш делегациясы жұмыс сапарымен Франциядан оралды, деп хабарлады Қазғарыштыӊ баспасөз қызметі.

Қазғарыштыӊ басшысы жұмыс сапары барысында "Airbus Defence and Space" ("Airbus D&S") француз компаниясыныӊ басшылығымен кездесті, сондай-ақ "Ғалам" қазақстан-француз кәсіпорныныӊ ("Ғалам" ЖШС) Байқау кеӊесініӊ (БК) отырысына қатысты, Тулуза қаласындағы ғарыш қалашығын аралап көрді.

Қазғарыш делегациясы "Astrolabe" кәсіпорнындағы арнайы "Airbus D&S" оптикалық құрал-саймандарыныӊ ғимараттарын, "Airbus Geo Intellegence" еншілес кәсіпорныныӊ жерді қашықтықтан зондтау деректерін өӊдеу және тарату орталығын, "Intespace" кәсіпорныныӊ вибрациялық стендін, термовакуумдық, реверберациондық акустикалық камераларын аралап көрді. Қазғарыш өкілдері "Cite de lИEspace" ғарыш-паркіне барып, Француз Республикасыныӊ ғарыш саласын дамытуға арналған тақырыптық экспозициялармен танысты.

"Тулуза қаласындағы ғарыш қалашығыныӊ құрылуы мен жұмыс істеу тәжірибесі біз үшін өте қажет, өйткені біз де Қазақстанда Ұлттық ғарыш орталығын салып жатырмыз, оныӊ басты объектісі француздық әріптестермен бірлесіп құрып жатқан ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені болмақ", - деп атап өтті Қазғарыш басшысы Е. Шаймағамбетов.

Өз кезегінде "Airbus D&S" компаниясыныӊ аға вице-президенті, бірлескен қазақстандық-француздық жобаларға жауапты тұлға Хьюго Лапорт осы компанияныӊ ғарыш жүйелерініӊ басшысы Николя Шамуссидіӊ атынан Е.Шаймағамбетовті Қазғарыштыӊ төрағасы лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

"Сіз ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетініӊ төрағасы ретінде жаӊа лауазымда жұмыс істей отырып, Қазақстан пен Францияныӊ ғарыштық бағдарламаларын іске асыру мүддесіндегі біздіӊ нәтижелі ынтымақтастығымызды нығайтуға, сондай-ақ әлемдік ғарыш қызметініӊ көшбасшыларыныӊ бірі ретінде, Қазақстан Республикасыныӊ рөлін нығайту жөніндегі саясатты одан әрі жалғастыруға ықпал етеді деп сенім білдіреміз", - Х. Лапорт.

Бұдан басқа, құрамына "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Марат Нұрғожин, "Ғалам" ЖШС Бас директоры Баубек Оралмағамбетов, Қарғарыштыӊ мамандары кіретін қазақстандық делегация "Airbus D&S" стратегиялық серіктес өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Бірлескен жобаларды іске асырудыӊ алғашқы нәтижелері қарастырылды. Қазақстан Республикасыныӊ Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесініӊ нәтижелері - бұл ғарыш түсірілімдерін тұтынушылардыӊ халықаралық нарыққа шығуы.

"Ғарыш аппараттарыныӊ құрастыру-сынау кешенін құру мәселесіне баса назар аударылды, ол үшін қазір Еуропадан технологиялық жабдықтарды жеткізу жүзеге асырылуда", - деп атап өтті М. Нұрғожин.

Сонымен қатар, тараптар одан әрі ынтымақтастық жөніндегі перспективалық жобаларды талқылады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 8 қыркүйекте Еркін Мұстафаұлы Шаймағамбетов ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетініӊ төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлады ведомство.

Шаймағамбетов Еркін Мұстафаұлы 1974 жылы 7 маусымда Қазақ КСР Қызылорда облысы Сырдария ауданыныӊ Тастүбек поселкесінде дүниеге келген. Үйленген, бір ұл тәрбиелеуде.

1998 жылы "Ғарыштық ұшу аппараттары және екпіндеткіш блок" мамандығы бойынша Мәскеу мемлекеттік авиациялық институтын бітірді.

1998 жылдыӊ наурызынан бастап Ғылым министрлігі - Қазақстан Республикасыныӊ Ғылым академиясы Ұлттық аэроғарыш агенттігініӊ "Байқоӊыр" ғарыш айлағы басқармасында "Байқоӊыр" ғарыш айлағы объектілерін пайдалану шарттарын бақылау бөлімініӊ бас маманы (Байқоӊыр қаласы) болып жұмыс істеді. 1998 жылдыӊ қарашасынан бастап аталған бөлімніӊ бастығы болып тағайындалды.

2005 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігініӊ Аэроғарыш комитеті "Байқоӊыр" ғарыш айлағы басқармасыныӊ бастығы болып тағайындалды.

2006 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігініӊ Аэроғарыш комитеті төрағасыныӊ орынбасары болып тағайындалды.

2007 жылдан бастап 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасыныӊ орынбасары болып қызмет етті.

2014 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігініӊ Аэроғарыш комитеті төрағасыныӊ орынбасары болып тағайындалды.

"Ерен еӊбегі үшін" медалі, мерейтойлық медальдар секілді марапаттары бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны