29.03.2018, 17:49 6981

Қазғарыш ғарыштық мониторинг жүйесін құра бастады

Естеріӊізге сала кетейік, Қазақстандағы мемлекеттік органдарға және ұйымдарына ЖҚЗ суреттерін беру жұмыстары да жалғасуда. Мәселен, 2017 жылы оларға 11,5 млн. шаршы шақырым көлемінде Жер бетініӊ ғарыштық суреттері берілді

Астана. 29 наурыз. Kazakhstan Today - Аэроғарыш комитеті 2018 жылдан бастап мемлекеттік органдар мен ұйымдардыӊ салалық міндеттерін шешу үшін Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) мен спутниктік навигация мәліметтерініӊ негізінде кеӊістіктік мәліметтерініӊ инфрақұрылымын құрастыру мен дамыту жұмыстарын бастады.

ДЖСН және ЖҚЗ ғарыштық жүйесініӊ ұлттық операторы ("ҚҒС" ҰК" АҚ) мемлекеттік органдар мен ұйымдардыӊ тапсырысы бойынша аумақтарды түсірумен қатар оларға өӊдеу, сараптау қызметтері және геопорталдар арқылы қолжетімділігі ұсынылатын болады.

Геопортал - бұл ғарыштық мониторингтіӊ шағын жүйесі, ол ЖҚЗ мәліметтерін қолдануымен салалық мәселелерді кешенді шешуге арналған.

2018 жылы ғарыштық мониторинг төрт министрліктіӊ салалық міндеттерін шешуді қамтиды: ҚР АШМ - 35 міндет (жер, орман, су, жануарлар ресурстарына, шаруашылық қызметі және шекаралас өзендеріне мониториг жүргізу, картография, жерлерді есептеу, жоспарлау және бақылау); ҚР ІІМ - 4 міндет (орман және дала өртініӊ орны, қар, мұз қабатыныӊ жылжуы туралы уақытылы ескерту мен олардыӊ алдын алуы, есірткі өсірілетін жерлерді анықтау); ҚР ЭМ - 3 міндет (қатты тұрмыстық қалдықтарыныӊ заӊсыз жинақталуына экологиялық мониторинг жүргізу, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру жерлерін мониторингілеу); ҚР ИДМ - 2 міндет (әуе кемелердіӊ ұшу мен қонуына қауіп келтіретін жағдайларын анықтау мақсатында әуежайлар және көршілес аумақтарға мониторинг жүргізу).

Ғарыштық мониторинг жүйесі мемлекеттік органдарға экономика саласындағы басқарушылық шешімдерді бағалау, жоспарлау және қабылдау тиімділігін жоғарлатуға, сондай-ақ далалық зерттеулерді азайту мен бұзушылықтарды анықтауды көбейту арқылы жауапты мемлекеттік органдардыӊ жұмыс тиімділігін арттыруға көмектесетін болады.

Естеріӊізге сала кетейік, Қазақстандағы мемлекеттік органдарға және ұйымдарына ЖҚЗ суреттерін беру жұмыстары да жалғасуда. Мәселен, 2017 жылы оларға 11,5 млн. шаршы шақырым көлемінде Жер бетініӊ ғарыштық суреттері берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны