05.06.2014, 19:56 3185

Қазғарыш: KazEOSat спутнигі штаттық режимде жұмыс істеуде

"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ президентінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожиннің хабарлауынша, спутник штаттық режимде жұмыс атқаруда.

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan today. Бір айдан бұрын 2014 жылғы 30 сәуірде Француз Гвианадағы "Куру" ғарыш айлағынан "KazEOSat-1" (Kazakhstan Earth Observation Satellite) Жерді қашықтықтан зондтаудың (ЖҚЗ) алғашқы қазақстандық спутнигі орбитаға ұшырылды.

"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ президентінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожиннің хабарлауынша, спутник штаттық режимде жұмыс атқаруда.

Ұшырудан кейінгі үшінші күні KazEOSat-1 ғарыштан алғашқы сапасы жоғары сүреттерді берді.

Естеріңізге салайық, ЖҚЗ алғашқы қазақстандық спутнигінің кеңістіктегі жоғары дәлдігі - 1 метр, қамтылуы - 20 км, спутниктің өнімділігі - 220 мың шаршы км (тәулік ішінде), орбитада жұмыс істеу мерзімі - 7 жылдан кем емес, деп Қазғарыштың баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазіргі уақытта ЖҚЗ ғарыш аппаратының орбитадағы сынаулары жалғасуда. Біздің мамандарымыз француз әріптестерімен бірлесіп спутникті тәулік бойы бақылайды, сондай-ақ оның шекті мүмкіндіктерін анықтау мақсатында максималды жүктемелерін жасайды", - деді М. Нұрғожин.

Жоспарлы жұмыстарға сәйкес, ғарыш аппаратының орбиталық тесттік сынаулар жаздың соңына дейін жалғасатын болады, содан кейін спутник тапсырыс берушіге, яғни "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ-ның бақылауына өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны