04.06.2014, 23:29 3751

Қазғарышта Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты іс-шара өтті

Бүгін ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Алматы. 4 маусым. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

"1992 жылы 4 маусымда алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл күн ел тарихында мемлекеттің баянды негіздерінің бірі болып табылатын жаңа мемлекеттік символиканың туған күні ретінде мәңгілікке қалады",- деді Қазғарыштың жауапты хатшысы Е.Нұрғалиев.

Сонымен қатар, ол барлық жиналған қауымды осы мерекемен құттықтай отырып, денсаулық пен қызметтегі табыс тіледі, деп Қазғарыштың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған қоса, іс-шара аясында Қазғарыштың қызметкерлері үшін Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің пайда болу тарихы жайлы баяндайтын арнайы деректі фильмнің көрсетілімі ұйымдастырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны