12.03.2014, 20:52 5948

Қазғарышта NASA өкілдерімен кездесу өтті

Кездесу барысында NASA өкілдері қазақстандық тарапқа Халықаралық ғарыш станциясында іске асырылып жатқан ғылыми жобаларға қатысуға шақырды. Соның ішінде ғарыштың адам ағзасына әсерін зерттеу жұмыстарына, Жерді қашықтықтан басқару және де өзара қызығушылыққа ие өзге де жобаларға атсалысуға шақырды.

Алматы. 12 наурыз. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінде Қазғарыш өкілдері мен Аэронавтика мен ғарыш кеңістігін зерттеу ұлттық басқармасы (NASA) арасында кездесу өтті.

Америкалық тараптын Ресейдегі NASA-ның пилоттық ғарыштық ұшу бағдарламасының директоры Шон М. Фуллер бастаса, ҚР ҰҒА-ның ведомство астындағы ұйымдардың өкілдері қазақстандық тараптың атынан кездесуге келді, деп хабарлайды ведомство.

Кездесу барысында NASA өкілдері қазақстандық тарапқа Халықаралық ғарыш станциясында іске асырылып жатқан ғылыми жобаларға қатысуға шақырды. Соның ішінде ғарыштың адам ағзасына әсерін зерттеу жұмыстарына, Жерді қашықтықтан басқару және де өзара қызығушылыққа ие өзге де жобаларға атсалысуға шақырды.

Кездесу соңында тараптар әріптестік бағыттарының болашағын егжей-тегжейлі қарастыруға мүдделі екендіктерін білдіріп, сонымен қатар NASA қызметімен толықтай танысу үшін және әріптестіктің нақты мәселелерін айқындау мақсатында Қазғарыш өкілдерінің АҚШ-тың Техас штатындағы Джонсон ғарыш орталығына бару мүмкіндігін талқылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны