18.06.2014, 21:11 2690

Қазғарыштың мамандары ғарыш технологиялары саласындағы жаңа әзірлеменің авторлары болды

ҚР ҰҒА "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ-тың Компьютерлік инжиниринг орталығының мамандары спутниктік навигация саласындағы зияткерлік меншік иегері атанды.

Алматы. 18 маусым. Kazakhstan today. ҚР ҰҒА "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ-тың Компьютерлік инжиниринг орталығының мамандары спутниктік навигация саласындағы зияткерлік меншік иегері атанды.

Құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес, олар жылжымалы объектілерді мониторингілеу мен диспечерлендіру жүйесіне (бұдан әрі - ЖОМДЖ) - ЭЕМ-ге арналған бағдарламаға авторлық құқық алды, деп Қазғарыштың баспасөз қызметі хабарлады.

"Жүйе ГЛОНАСС/GPS спутниктік навигация құралдарын қолдана отырып, көлік құралдарын мониторингілеуге және диспечерлендіруге арналған қызметтерді ұсынуға пайдаланылатын болады", - деді Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ президентінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожин.

Атап айтқанда, ЖОМДЖ-ның көмегімен жылжымалы объектілерге онлайн-мониторинг жүргізуге, объектілерді мақсатты пайдалануға бақылау жасауға, отынның шығынын есепке алуға, өткен кезеңге аналитикалық ақпарат алуға болады және т.б.

Компьютерлік инжиниринг орталығының мамандары, әзірлеме авторы Батырұлан Аймышев ЖОМДЖ-ның негізгі ерекшеліктері бағдарламалық қамтамасыз етудің қазіргі заманғы соңғы технологиясы қолданылған және ол есеп берудің бірегей аналитикалық жүйесі болып табылады деп санайды.

Жақын арада Қазақстанның салынып жатқан Ұлттық ғарыш орталығында орналасқан Дәлдiгi жоғары спутниктiк навигация жүйесi орталығының инженерлері спутниктік навигация саласындағы өзінің әзірлемелерін пайдалана алады және ЖОМДЖ-ны пайдалану қызметтерін ұсына алады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны