20.08.2017, 16:34 3503

Қазыбек бидіӊ 350 жылдық мерейтойына орай кәсіпкерлер Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауылына жаӊа нысандарды тарту етті

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданыныӊ Егіндібұлақ ауылында қазақ елініӊ ғұлама биі Қазыбек бидіӊ 350 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шаралар бастау алды. Бүгін онда "Бәйтерек" стеласы ашылды.

Қарағанды. 20 тамыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданыныӊ Егіндібұлақ ауылында қазақ елініӊ ғұлама биі Қазыбек бидіӊ 350 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шаралар бастау алды. Бүгін онда "Бәйтерек" стеласы ашылды.

Өз өлкесіне монументалды нысанды Ғани Омаров есімді бизнесмен сыйлаған екен. Меценат Астана қаласында тұрып, жұмыс істейді, алайда Егіндібұлақта оныӊ туып-өскен үйі бар.

Кәсіпкердіӊ айтуынша 12 метрлік стеланы жасауға төрт айдай уақыт кеткен. Оны әзірлеп, орнатуға 20 млн. теӊге жұмсалған.

Бұл мерейтойға орай жасалған жалғыз ғана сыйлық емес. Елді мекенде демеушілер есебінен спорт алаӊы салынған.

Егіндібұлақта дүниеге келген танымал суретші Кәріпбек Құюқов тарихи-өлкетану мұражайына "Қаз дауысты Қазыбек би" суретін сыйға тартты. Өзініӊ туып өскен ауылыныӊ кітапханасына ол қазақ өлеӊдері жинағынан құралған 3 диск және "Көшпенділер" кітабыныӊ 3 томын, ал жергілікті әкімдікке Қазақстан туын сыйлады.

- Мен бұл шарадан шеткері қала алмадым. Меніӊ туған ауылымда осындай ауқымды той болып жатқанда, оған үлесімді қалайша қоспаймын? Мен мұражайға өзімніӊ суретімді сыйлаймын. Бұл меніӊ қолымнан келетіні. Сонымен қатар өзімніӊ суреттерімніӊ бірін сатып, "Балқантау" қорына қайырымдылық ретінде үлесімді қостым, - деді Кәріпбек Құюқов.

Сыйлық жасаған әрбір абзал жанныӊ әрекеті Елбасы бастаған "Туған жер" бағдарламасына енеді.

Сенбі, тамыздыӊ 19-да Егіндібұлақта жоғары лауазымды қонақтардыӊ қатысуымен салтанатты шаралар жалғасын табады. ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықова келеді деп күтілуде. Мерекелік шаралар киіз үйлерден құралған үлкен қалашықта өтеді. Театрландырылған көріністер, концерт, ақындар арнауы және спорт ойындары ұйымдастырылады.

Бұл күні "Қаз дауысты Қазыбек би жолымен: "Бабаларға тағзым!" автокеруені бастау алады. 7 көлікпен 28 қатысушы Қарқаралы, Бұқар Жырауғ Жаӊаарқа және Ұлытау аудандары, Жезқазған, Қызылорда, Түркістан, Ташкент, Науаи, Шымкент, Тараз, Балқаш қалалары, Ақтоғай және Шет аудандары арқылы өтеді. Жәнеде автокеруен 30-шы тамызда Қарағанды қаласында мәреге жетеді.

20-шы тамызда Қарағандыдағы Кеншілер мәдениет сарайында Моӊғолия, Қырғызстан және Қытай елініӊ ақындарыныӊ қатысуымен Халықаралық айтыс өтеді.

Қазыбек бидіӊ 350 жылдығын тойлау шаралары үш ай жалғасады. Алдағы уақытта бірнеше мәдени және ғылыми шаралар ұйымдастырылады деп жоспарланған.

Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы - қазақ халқыныӊ XVII - XVIII ғасырлардағы ұлы үш биініӊ бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасыныӊ қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек - есімдері елге белгілі әділ билер болған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны