09.09.2009, 12:02 3073

Қазығұрт ауданының полицейлері Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында мал ұрлығымен айналысатын қылмыстық топты құрықтады

Қазығұрт ауданының полицейлері Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында мал ұрлығымен айналысатын қылмыстық топты құрықтады

Шымкент. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазығұрт ауданының полицейлері Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында мал ұрлығымен айналысатын қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, барымташылардың есебінде 5 мал ұрлау жәйті анықталып отыр. Бұл қылмыстық топ жарты жылға жуық уақыт барымташылықпен айналысып келген. Олар әрбір қылмысқа тыңғылықты дайындалып, түн ішінде жайылымдағы жылқылар мен ірі қара малдарды ұрлап, автокөліктерге тиеп, базарға апарып, нақты бір ақшаға өткізіп отырған.

"Жалпы алғанда жәбірленушілерге 2 млн теңге көлемінде шығын келтірген. Жедел уәкілдер барымташыларға қатысты айғақтар болмағандықтан, оларды ұстау ұзаққа созылды. Жақында, Қазығұрт АІІБ-ның криминалды полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, үш ай уақыт аралығында, 6 бас жылқыны ұрлап жатқан жерінен барымташылар құрықталды. Күдіктінің екеуі де Қазығұрт ауданының 1965 және 1987 жылы туылған тұрғындары. 44-жасар ер азамат бұған дейін де мал ұрлығы бойынша сотты болған. Олардан айғақты зат ретінде: арқан, құрық және "КАМАЗ", "ГАЗель" автокөліктері алынды. Аудандық полиция бөлімінде осы жәйтке байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 175- бабы "ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлерімен күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны