06.09.2006, 16:24 2988

Қазір парламенттің қоржынында 130-дай заң жобасы жатыр - мәжіліс спикері

АСТАНА. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today. Үшінші шақырылған парламенттің үшінші сессиясы басталған сәтте парламенттің қоржынына 130-дай заң жобасы түсті. Бұл туралы бүгін мәжіліс спикері Орал Мұхамеджанов журналистерге мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазір біздің қоржынымызда 133 заң жобасы бар. Біз сол себепті белсенді жұмыс істеп, олардың арасындағы ең маңыздысы мен бастыларын дер кезінде сапалы қабылдауға тиіспіз",- деді мәжіліс төрағасы.

Басымдық берілген құжаттардың қатарында О.Мұхамеджанов "2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы", "Жергілікті өзін-өзі басқару туралы" заңдар мен Экологиялық және Еңбек кодекстерін атады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны