20.03.2007, 17:46 3670

Қазіргі бар офицерлер санымен Қазақстан Респуликасының Қарулы күштері барлық жауынгерлік міндеттерді шеше алады

АСТАНА. 20-наурыз. Kazakhstan Today. Қазіргі бар офицерлер санымен Қазақстан Респуликасының Қарулы күштері барлық жауынгерлік міндеттерді шеше алады. Мұндай пікірін бүгін Қазақстан Республикасының Қарулы күштер ардагерлерімен кездесу барысында Қорғаныс министрлігінің басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазақстан армиясындағы проблемалардың бірі - оның офицер мамандарының санымен толық қамтамасыз етілмегендігі болып табылады, бүгінде біз шамамен 67 пайыз ғана офицерлермен қамтамасыз етілгенбіз",- деп санайды ол.

"Қазірде мәселе қазақстандық офицерлердің игерген білім сапасымен қорытындыланады, сондықтан да осы сапаны көтеруді қарастыратын жүйе құрылады",- деп жалғады өз сөзін министр. Атап айтқанда, оның сөздеріне сүйенсек, келесі жылдан бастап офицерлердің лауазымын көтеру барысында олардың біліктілігін тұрақты көтеру жүйесі жұмыс істей бастайды. "Біз өз кезегінде зейнеткерлік жас алдында тұрған офицерлердің мемлекетіміздегі экономикалық ахуалда одан әрі де тіршілік ету мүмкіндігіне икемдеуге тиіспіз",- деп түсіндірді Д. Ахметов.

Біліктілікті ұдайы көтерудің осыған ұқсас жүйесі, оның айтуынша, сержанттар құрамы үшін де құрылатын болады. "Сержанттарды дайындаудың үш сатылы жүйесі құрылады. Ол сержант - взвод командирін, сержант - рота командирін және сержант - батальон командирін дайындауға мүмкіндік береді. Одан кейін Ұлттық қорғаныс университеті аясында біз жоғары деңгейлі сержанттар дайындауға тиіспіз. Және де олардың әрқайсысы қызмет сатысымен көтеріле отырып, қайта дайындау жүйесінен өтуге міндетті",- деп түсіндірді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны