19.06.2008, 20:03 2827

Қазіргі таңда тікелей инвестицияға қатыспай, құралдар мен қызметтерді жеткізу жолын таңдаған жапон корпорацияларының стратегиясын өзгерткен дұрыс - Назарбаев

Қазіргі таңда тікелей инвестицияға қатыспай, құралдар мен қызметтерді жеткізу жолын таңдаған жапон корпорацияларының стратегиясын өзгерткен дұрыс - Назарбаев

Токио. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазіргі таңда тікелей инвестицияға қатыспай, құралдар мен қызметтерді жеткізу жолын таңдаған жапон корпорацияларының стратегиясын өзгерткен дұрыс. Бұл туралы ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияның экономика, индустрия және сауда министрі Акира Амаримен, сондай-ақ, "Сумитомо корпорейшн", "Марубени корпорейшн", "Тошиба", "Кансай электрик пауэр", "Токио электрик пауэр", "Мицуи", "Иточу", "Мицубиши", "Инпекс" сияқты дүниежүзіне танымал компаниялардың басқарма төрағаларымен және президенттерімен кездесуі барысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Н. Назарбаев Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық серіктестік көлемі әзірге төменгі деңгейде қалып отырғанын және екі елдің экономикалық әлеуетіне сәйкес келмейтінін атап көрсетті.

"Қазақстан экономикасы қарқынды және тұрақты дамып келеді. Көрші елдердің нарығы жарты миллиард адамнан асады. Қазіргі таңда тікелей инвестицияға қатыспай, құралдар мен қызметтерді жеткізу жолын таңдаған жапон корпорацияларының стратегиясын өзгерткен дұрыс. Біз жер, шикізат, мемлекеттік тапсырысты ұсынуға әзірміз. Біз Қазақстанда инновациялық өндірістердің пайда болуына мүдделіміз және осындай жобаларды толығымен қолдаймыз", - деп атап көрсетті мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, Қазақстан Жапония кәсіпкерлеріне өңдеу кешенін дамыту, машина жасау, энергетика, көлік және коммуникациялық инфрақұрылым, құрылыс пен дәрі-дәрмек жасау жобаларына қатысу ұсынысын беруге дайын.

"Қазақстанда ұлан-ғайыр жер бос жатыр. Сондықтан, бидай, күріш егу, мал шаруашылығы мен ет-сүт өнімдерін өндіруде үлкен мүмкіндіктер бар. Ынтымақтастықтың бұл бағыттары әсіресе дүниежүзілік азық-түлік дағдарысы кезінде айрықша өзекті болып отыр", - деді Н. Назарбаев.

Келіссөздер барысында мемлекет басшысы сондай-ақ Қазақстанның өзіндік ядролық энергетиканы дамытуға ниеттеніп отырғанын және осы салада бай тәжірибесі бар Жапонияның ұсыныстарын қарастырып көруге дайын екенін атап көрсетті. Осыған байланысты осы саладағы өзара іс-қимылдардың негізгі құжаты болуға тиісті атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бойынша ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім жасасу өте маңызды болары сөзсіз.

"Біз жұмысымыздың сипатын қайта қарастыруымыз керек. Мұнда экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Жапония комитетін айтарлықтай күшейту алғашқы қадам болуы ықтимал. Комитет құрамына Жапонияның үкіметтік органдарының өкілдерін кіргізу арқылы оның мәртебесін көтеруді ұсынамыз. Оны министрлер басқарса өте жақсы болар еді", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны