27.06.2014, 20:54 3280

"Казконтент" АҚ ұжымына Қазақстан Президенті алғыс білдірді

ҚР Мемлекеттік хатшысы ел журналистерін Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні кәсіби мерекесімен құттықтады. Кездесу барысында бірқатар БАҚ шығармашылық ұжымы мен "Казконтент" АҚ ұжымына Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатын жеткізді.

Алматы. 27 маусым. Kazakhstan today. ҚР Мемлекеттік хатшысы ел журналистерін Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні кәсіби мерекесімен құттықтады. Кездесу барысында бірқатар БАҚ шығармашылық ұжымы мен "Казконтент" АҚ ұжымына Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатын жеткізді.

"Қазконтент" АҚ Қазақстанның интернет және медиа саласындаөзіндік қолтаңбасын қалдырып үлгерген үлкен ұжымдардың бірі. Компания 2009 жылы құрылып, сол жылы компанияның Bnews.kz, Kaztube.kz, Baq.kz секілді интернет жобалары іске қосылды.

Бүгінде "Қазконтент" АҚ еліміздегі ақпараттық кеңістіктің белсенді бөлігі бола отырып, 8 интернет-жобаны жүзеге асырып келеді. Интернет-жобалардың 4-ақпараттық, 4-тақырыптық.Атап айтар болсақ олар 2050 Стратегиясына ақпараттық қолдау көрсету мақсатында құрылған Strategy2050.kz, ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты Primeminister.kz, Bnews.kz ақпарат агенттігі, қазақ тілді Baq.kz ақпарат агенттігі, отандық видео-портал Kaztube.kz, тарихи e-history.kz порталы, el.kz әлеуметтік желісі, сонымен қатар әдеби Adebiportal.kz порталы.

Айта кету керек, акционерлік қоғам әрбір қазақстандықтың білімі мен тіліне, әлеуметтік деңгейі мен жас ерекшелігіне қарамастан әрқайсысына ақпараттық қызмет көрсетеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны