06.05.2011, 09:15 2669

"Қазмортрансфлот" ұлттық теңіз тасымалдаушысы болып белгіленді

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ұлттық теңіз тасымалдаушысының негізгі міндеті сауда флотын дамыту болып табылады.

Астана. 6 - мамыр. Kazakhstan Today - "Қазмортрансфлот" ұлттық теңіз тасымалдаушысы болып белгіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі үкіметтің қаулысына сілтеме жасай отырып.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ұлттық теңіз тасымалдаушысының негізгі міндеті сауда флотын дамыту болып табылады.

"Ұлттық теңіз тасымалдаушысы жолаушылар, жүк, пошта жіберілімдерін, сонымен қатар гуманитарлық жүк пен арнайы жүкті тасымалдау бойынша қызмет көрсетеді", - деп көрсетілген жұма күні ресми басылымда жарияланған қаулыда.

Сонымен қатар, ұлттық теңіз тасымалдаушы теңіз флоты үшін кадрларды оқытуға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізіп, сондай-ақ сауда теңіз жүзу саласында халықаралық келісімдерді жүзеге асыруға қатысады.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күн өткеннен кейін күшіне енеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны