21.04.2015, 18:25 3917

"ҚазМұнайГаз" дүниежүзіне танымал "Nabors" компаниясыныӊ жұмыс тәжірибесін қабылдамақ

С.Мыӊбаев өз сөзінде "Nabors Drilling International Ltd" сынды есімі әлемге танымал компаниямен жұмыс істеуге қуанышты екендігін атап өтті. Оныӊ сөзіне қарағанда, бұл компания бұрғылау қондырғыларын орнатуда мол тәжірибе жинап отыр. Ол АҚШ, Мексика, БАИ-де және басқа да елдерде табысты жұмыс істеуде.

Астана. 21 сәуір. Kazakhstan Today - "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ дүниежүзіне танымал "Nabors Drilling International Ltd" компаниясыныӊ жұмыс тәжірибесін қабылдауды жоспарлауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы бүгін аталған компанияныӊ басшысы Сауат Мыӊбаев "KMG Drilling & Services" және "Nabors Drilling International Ltd" арасында біріккен кәсіпорын құру туралы құжатқа қол қою рәсімінде айтты, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

С.Мыӊбаев өз сөзінде "Nabors Drilling International Ltd" сынды есімі әлемге танымал компаниямен жұмыс істеуге қуанышты екендігін атап өтті. Оныӊ сөзіне қарағанда, бұл компания бұрғылау қондырғыларын орнатуда мол тәжірибе жинап отыр. Ол АҚШ, Мексика, БАИ-де және басқа да елдерде табысты жұмыс істеуде.

"Біздер үшін "Nabors" компаниясымен бірлесіп жұмыс істеу үлкен сынақ. Біліктілігі жоғары компаниямен, адамдармен, мамандармен серіктес болу мүмкіндігіне ие болдық. Осы салада жұмыс істейтін біздіӊ компаниялар мен қызметкерлер тәжірибе алмасып, қосымша білімге ие боларына сенеміз", - деді С.Мыӊбаев.

Айта кетейік, бүгін "KMG Drilling & Services" және "Nabors Drilling International Ltd" арасында "KMG Nabors Drilling Company" бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қойылды. Жаӊа біріккен кәсіпорын Теӊіз кенішінде бұрғылау жұмыстарын, сонымен қатар келешекте кеӊейту жобасын жүзеге асыратын болады.

Компанияныӊ бас кеӊсесі Атырау қаласында орналасады және аймақта 200 жаӊа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Айта кетерлігі, компания қызметкерлерініӊ 90 пайызы Қазақстан азаматтары болмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны