24.12.2008, 15:19 1762

ҚазМұнайГаздың бұрынғы басшысына "экономикалық баптар бойынша" айып тағылып, іс сотқа берілді - ҰҚК

ҚазМұнайГаздың бұрынғы басшысына "экономикалық баптар бойынша" айып тағылып, іс сотқа берілді - ҰҚК

Астана. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның бұрынғы басшысы Серік Бүркітбаевқа "экономикалық баптар бойынша" айып тағылып, іс сотқа берілді. Бұл туралы ҚР ҰҚК төрағасының баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаров бүгін өткен абспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бүркітбаевқа қатысты қозғалған қылмыстық іс қазір сотқа берілген. Оған экономикалық баптар бойынша айып тағылған", - деді К. Бекназаров.

Оның айтуынша, сот жабық есік артына өтіп жатыр. Соған байланысты ҰҚК өкілі аталған қылмыстық іс туралы түсініктеме беруден бас тартты.

Еске сала кетейік, ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес агенттігі бұдан бұрын ҚМГ бұрынғы басшысының үстінен сеніп тапсырылған басқаның мүлкін талан-таражға салу және жалпы көлемі 2,4 млрд теңге көлемінде бюджет қаржысын жамқыру деректері бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны