06.05.2015, 22:55 4199

Қазпочта Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған маркаларды қолданысқа енгізеді

Маркаларда Рақымжан Қошқарбаев (Халық Қаһарманы), Мәншүк Мәметова (Кеӊес Одағыныӊ Батыры), Иван Панфилов (Кеӊес Одағыныӊ Батыры) бейнеленген.

Астана. 06 Мамыр. Kazakhstan Today - "Қазпочта" АҚ Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған үш маркадан тұратын пошталық блоктыӊ қолданысқа енгізілуі жайлы хабарлады. "Естелік және мерейтойлық даталар" сериясындағы әрбір марканыӊ құны 200 тенге, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Маркаларда Рақымжан Қошқарбаев (Халық Қаһарманы), Мәншүк Мәметова (Кеӊес Одағыныӊ Батыры), Иван Панфилов (Кеӊес Одағыныӊ Батыры) бейнеленген.

"Маркаларды шығару - Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстандық ардагерлердіӊ ұмытылмас ерлігін естелік ретінде сақтаудағы үлесіміз болып табылады. Жас ұрпақ өз тарихын білуі тиіс, ал маркалардыӊ шығуы осы жеӊіске үлес қосқан адамдардыӊ мәӊгі есімізде және жүрегімізде сақталуына көмектеседі. Пошта соғыс кезінде де, қазіргі таӊда да біздіӊ сенімді серігіміз. Соғыс жылдарында адамдар, мемлекеттер мен қалалар арасында, ұзақ қашықтықта бір-бірімен пошта арқылы қарым-қатынас жасаған, сондықтан Қазпошта әрқашан адамдар арасындағы сенімді қарым-қатынас құралы болып қалатынына сенімдіміз" - деп, "Казпочта" АҚ Директорлар Кеӊесініӊ Төрағасы Елена Бахмутова бөлісті.

Марқа офсеттік тәсілмен 4 түрлі бояумен орындалған, блок өлшемі 78 х 108 мм, маркалардыӊ өлшемі 26 х 36 мм. Таралымы 15 мыӊ дана. Дизайн жасаған суретші Қуат Ибрайшин.

Үш маркадан тұратын пошталық блогты іске қосудыӊ салтанатты рәсімі 6 мамыр күні Астана қаласында, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ депутаттары: Айсина Майра Араповна, Ферхо Светлана Ивановна и Бердонгаров Танирберген Маратович, сондай-ақ Ұлы Отан соғыс ардагерлерініӊ қатысуымен өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны