04.03.2011, 16:34 3877

Қазпошта бөлімшесінің қызметкері 1,6 млн теңгені жымқырып кеткен

ШҚО Қазпоштаның облыстық бөлімшесінің қызметкері 1,6 млн теңге көлеміндегі зейнетақы жинағын жымқырып кетті деген күдік туындауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 4 - наурыз. Kazakhstan Today - ШҚО Қазпоштаның облыстық бөлімшесінің қызметкері 1,6 млн теңге көлеміндегі зейнетақы жинағын жымқырып кетті деген күдік туындауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Шығыс-Қазақстан облысы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы), жинақталған 1,6 млн теңге көлеміндегі зейнетақыны ұрлап кеткен "Қазпошта" АҚ филиалының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғаған.

"ШҚО бойынша департаменті, "Қазпошта" АҚ облыстық филиалы байланыс бөлімшесінің лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық істі тергеу аясында ҚР ҚК "сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету" бабы бойынша қосымша қылмыстық іс қозғалды", деп көрсетілген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны