03.12.2013, 19:54 2914

KazSat-3 жер серігі келесі жылдың бірінші тоқсанында ұшырылады

"Ғарыш аппаратын жасау жұмысы тәмамдалып қалды. Осы жылдың соңында ол сынақтан өткізілмек", - деді Мейірбек Молдабеков.

Алматы. 03 желтоқсан. Kazakhstan today. Келесі жылдың бірінші тоқсанында "Байқоңыр" ғарыш айлағынан KazSat-3 байланыс және хабар тарату ұлттық геостанциялық серігі ұшырылады. Аталған телекоммуникациялық спутник телевизия хабарларын таратудың, бекітілген байланыстың, ғаламтордың және деректерді берудің ел нарығындағы сұранысын қанағаттандыруға арналған.

Бұл жөнінде бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысқан Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков мәлімдеді.

"Ғарыш аппаратын жасау жұмысы тәмамдалып қалды. Осы жылдың соңында ол сынақтан өткізілмек", - деді Мейірбек Молдабеков.

Жалпы, "ҚазҒарыш" бүгінде бес ірі жобаны жүзеге асыра бастады.

"Бес жобаның ішінде бір жобасы - спутниктік дәлдік навигация, жер инфроқұрылымын соғу деген жобаны біз 100 пайыз өзіміздің мамандардың қолымен жасадық. Соның өзі біздің мамандардың ойы, білімі, олардың іскерлігі бәрі шетелдің мамандарынан кем еместігін бізге дәлелдеді",- деді ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны