27.05.2008, 15:12 3199

"Қазспас-2008" жарысында техногенді апаттар дистанциясының нәтижелері бойынша Қостанай құтқарушылары алда келеді

"Қазспас-2008" жарысында техногенді апаттар дистанциясының нәтижелері бойынша Қостанай құтқарушылары алда келеді

Астана. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Қазспас-2008" халықаралық жарысының "Техногенді апат жағдайындағы іздеу-құтқару жұмыстары" дистанциясында солтүстік өңірінің аэроұтқыр жедел-құтқару отрядының командасы (Қостанай) бәрінен көп балл жинады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.

"Техногенді апат жағдайындағы іздеу-құтқару жұмыстары" дистанциясының хаттамасына сәйкес алты сатыдағы жинаған баллдарының көлемі бойынша жалпы есептегі алдыңғы үштікті 1240 балл жинаған солтүстік өңірінің аэроұтқыр жедел-құтқару отрядының командасы (Қостанай) бастады.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, шығыс өңірінің аэроұтқыр жедел-құтқару отрядының құтқарушылары олардан жиырмадай балл қалып келеді. Және көшбасшы үштікті Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласының өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің бөлімшесінің өрт сөндіруші спортшылары түйіндеп тұр.

Халықаралық есепте алты құрамадан Ресейдің - Тюмень жедел құтқару отрядының құтқарушылары алға суырылып шықты. Турнирлік кестеде Беларусь Республикасының командасы екінші орынға орналасқан. Ал үшінші орында Қазақстан құрамасы. Қазақстанның атынан Алматыдағы Республикалық жедел-құтқару отрядының құрамасы өнер көрсетуде.

"Жоғарыда аталған дистанция алты кезеңнен тұрады. Олар: лабиринт, жол көлік оқиғасы + темір жол, өрт сөндіру элементтері бар әскери жайылу, химия, форт, үйінді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, мамырдың 21 мен маусымның 3 аралығында Алматы облысының Таңбалы Тас шатқалындағы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Жартасты қала - Астана" оқу-жаттығу полигонының базасында өтіп жатқан құтқарушылар сайысында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Изербайжан және Тәжікстан елдерінің іздеу-құтқару құрамалары қатысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны