24.01.2014, 20:33 5654

"ҚазЖолҒЗИ"-да жол құрылысының соңғы инновациялары таныстырылды

"ҚазЖолҒЗИ" АҚ-да өткен ғылыми-тәжірибелік конференция барысында автожол құрылысы саласындағы соңғы технологиялық шешімдермен, сонымен қатар институт жасап шығарған казақстандық жолдардың жай-күйін бақылауға арналған лабораториялық кешенмен таныстырды, деп Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 24 қаңтар. Kazakhstan today. "ҚазЖолҒЗИ" АҚ-да өткен ғылыми-тәжірибелік конференция барысында автожол құрылысы саласындағы соңғы технологиялық шешімдермен, сонымен қатар институт жасап шығарған казақстандық жолдардың жай-күйін бақылауға арналған лабораториялық кешенмен таныстырды, деп Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Конференцияда соңғы жаңа технологияларды автожол құрылысына енгізу мәселелерін талқылады. Мысалы, қатысушылар назарына энергия шығындарын 20-25% төмендететін жылы асфальтті бетонды, ц/б жабындылары үшін ілінісу сапасын арттыратын "Микросюрфейсинг" типті қабат, күрделі жөндеу құнын азайту үшін салқын ресайклдеу технологияларымен, сонымен бірге құрылыс және жөндеу сапасын арттыратын жаңа материалдармен таныстырды", - делінген хабарламада.

Одан басқа қатысушыларға жолдың дефектілері туралы мәліметтерді жинақтап, жолдың жалпы жай-күйін талдап отыратын автомобиль жолдарының сапасы мен күтіп-ұсталу жағдайын бақылауда ұстайтын көпфункционалды мәшинесінің (MFV) таныстырылымы болды. Лаборатория жол конструкциясының жай-күйі жайында тереңірек дәл деректер алумен қатар қандай жөндеу жұмыстарын жүргізген жөн екендігі туралы ұсыныстар шығара алады. MFV-ті жол құрылысы барысында да пайдалануға болады, өйткені зерттеу кезіндегі ақпарат көбіне жобалау барысындағы қателіктерді анықтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ҚР ККМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сәтжан Ибләлиев атап өткендей "Бұл кешен пайдалануға келгенде мейлінше қарапайым. Егерде, мысал үшін, жолдың жеткізуші мүмкіндігін анықтау керек болса, оған қосымша құрылғы тіркеледі де кешен белгіленген тұста тоқтатылып, кнопка арқылы асфальтқа жүкті тастай салады, оны көтереді де жолдың серпінділігі жөнінде сол мезетте ақпарат береді. Ирине, бұл тәсіл бұған дейінгі қаншама уақыт пен күш жұмсалатын күрек пен сүймен пайдалану арқылы жүргізілетін зерттеулермен салыстыруға да келмейді".

Өлшеулер нәтижесі автоматты түрде тіркеледі, сондықтан оларды бұрмалау мүлде мүмкін еместігін атап өтті ол.

Мұның сыртында үш "Облжоллаборатория" өткен жылдың шілде айында арнайы датчиктер және лазерлермен жарақталған жылжымалы жол лабораторияларымен жабдықталған болатын. Мәшиненің қозғалысы барысында бейнетүсірілім жасалады да жол төсемінің сипаттамалары анықталады, айталық, жолдың тегістігі мен оның еңістігі талаптарға сәйкестігі анықталады. Келесі жылы осындай лаборатория саны 11-ге жеткізіледі. 2015 жылы осындай мәшинелер әрбір өңірде жұмыс жасайтын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны