20.04.2012, 11:41 3128

Кеден капитаны психотроптық заттар жеткізілімі арнасын ұйымдастырды деп күдік келтірілуде

"Биылғы жылдың 12 сәуірінде ҰҚК Астана қаласы бойынша департаменті халықаралық есірткі бизнесіне қарсы әрекет ету бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Кеден қызметінің Астана қаласы бойынша департаменті контрабандамен күрес басқармасының бас маманын ұстады" делінген таратылған хабарламада.

Астана. 20-сәуір. Kazakhstan Today - Астанада психотроптық заттар жеткізілімі арнасын ұйымдастырды деген күдікпен кеден қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "биылғы жылдың 12 сәуірінде ҰҚК Астана қаласы бойынша департаменті халықаралық есірткі бизнесіне қарсы әрекет ету бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Кеден қызметінің Астана қаласы бойынша департаменті контрабандамен күрес басқармасының бас маманын ұстады" делінген таратылған хабарламада.

Кеден қызметінің капитаны елорда өңіріне Ресей Федерациясынан психотропты заттар жеткізілімінің контрабандалық арнасын ұйымдастырды деп күдіктелінуде. Заңсыз айналымнан аса ірі көлемде метамфетамин тәркіленді.

Осы факті бойынша ҰҚКД тергеу басқармасы ҚР ҚК 250-б. 4-т. бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны