16.04.2010, 14:52 3750

Кеден одағы елдерінің азаматтары Қазақстан аумағында тоқсан тәулік тіркеусіз бола алады

Кеден одағы елдерінің азаматтары Қазақстан аумағында тоқсан тәулік тіркеусіз бола алады

Астана. 16 сәуір. Kazakhstan Today - Кеден одағы елдерінің азаматтары Қазақстан аумағында тоқсан тәулік тіркеусіз бола алады. Мұндай норма Қазақстан Республикасы үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі №307 "Қазақстан Республикасы үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысында бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Қаулы мәтінінде атап көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді: "Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы №136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., №4, 55-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібінде: 15-тармақтың екінші абзацындағы "тоқсан тәуліктен аспайтын мерзімге жүргізіледі және кейіннен дәл осындай мерзімге ұзартылуы мүмкін" деген сөздер "отыз тәуліктен, ал Кеден одағы елдерінің азаматтары үшін тоқсан тәуліктен аспайтын мерзімге жүргізіледі және кейіннен дәл осындай мерзімдерге ұзартылуы мүмкін" деген сөздермен ауыстырылсын".

Қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен дипломатиялық арналар арқылы шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарын қабылданған шаралар туралы хабардар етуі тиіс.

Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі, делінегн құжатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны