13.02.2012, 15:03 3834

Кеден одағының жұмысын бақылайтын қоғамдық комиссия құруды жөнінде ұсыныс енгізілді

Сонымен қатар комиссия тұтынушылардың проблемаларына назар аудартып, кедендік бақылау рәсімдеу және бақылау процедураларын жеңілдетуге әрі оның ашықтығын қамтамасыз етуге септігін тигізеді. "Мұндай қоғамдық бақылау "Нұр Отан" партиясының бастамасымен ұйымдастыруға болады", - деді комитет төрағасы.

Астана. 13-ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары Қайрат Келімбетовтің қатысуымен өткен ведомствоның алқа мәжілісінде ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің басшысы Мәжит Есенбаев Кеден одағының жұмысын бақылайтын қоғамдық комиссия құруды ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оның атап өтуінше, мұндай қоғамдық бірлестік кеден органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабуға оң әсерін тигізеді.

Сонымен қатар комиссия тұтынушылардың проблемаларына назар аудартып, кедендік бақылау рәсімдеу және бақылау процедураларын жеңілдетуге әрі оның ашықтығын қамтамасыз етуге септігін тигізеді. "Мұндай қоғамдық бақылау "Нұр Отан" партиясының бастамасымен ұйымдастыруға болады", - деді комитет төрағасы.

Жалпы М.Есенбаевтың алға тартқан деректеріне сәйкес, өткен жылы 65 кеденшінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, 50 қызметкер жұмысынан босатылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны