13.06.2007, 18:12 3345

Кеден органдарының техникамен нашар жабдықталуы сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол беріп отыр - Бас прокуратура

АСТАНА. 13 - маусым. Kazakhstan Today. Кеден органдарының техникалық тұрғыдан нашар жабдықталуы сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол беріп отыр, деп мәлім етті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов.

"Заң бұзушылықтарға, соның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол беріп отырған басты проблема кедендік органдардың техникалық тұрғыдан нашар жабдықталуы болып табылады",- деді ол сәрсенбіде Астанада өткен брифингте.

"Уақытша сақтау қоймалары, жүкті арту-түсіру техникасы, жүк түсірушілер, орау аппараттары жоқ болып отырғанда, бақылаудың қандай тиімділігі туралы айтуға болады? Бұларсыз 40-тан 70 тоннаға дейін тең-тең жүк тиелген көлікті толық тексеруді қалай талап ете аламыз? Теңді ашқаннан кейін бір теңнің өзі ғана жүк көлігінің кузовын толтырып кетеді",- деді ол.

Кәсіпкерлер бүгінде, кеден саласы маңындағы жұмыс үшін тек ресми рұқсат қана емес, кеденшілердің бүркемелеуін де алу керек дейді, яғни сыбайлас жемқорлыққа меңзеп отыр", - деді Бас прокуратураның ресми өкілі.

С. Нұрпейісов сондай-ақ, Бас прокуратура "өзінің үкіметке енгізген ұсынысында уақытша сақтау қоймасының іс-қызметін лицензиялау мен оларды квалификациялық талаптарға сәйкес болуын бақылауды жүзеге асыру функциясын басқа органға беру мәселесін қарастыруды ұсынғандығын" хабарлады. "Мысалы, бұл қаржы министрлігі болуы мүмкін",- деп санайды ол.

Бас прокуратураның ресми өкілінің пайымдауынша, шекара кедендерін техникалық тұрғыдан жаңарту мен оларды заманауи бақылау құралдарымен техникалық жабдықтау туралы мәселені қарастыру қажет. "Кеден құрылғыларын осы саладағы көшбасшы - атақты дүниежүзілік өндірушілерден алу қажет, деп санаймыз",- деп қорытындылады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны