18.07.2011, 13:00 4136

Кедендегі ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің тек бір жылда алатын сыйақы мөлшері $100 млн-ға дейін жеткен

ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметі хабарлағандай, "Қорғас" және "Қалжат" кеден бекеттері арқылы ұзақ уақыт бойы контрабанда жасаған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істе жаңа жайттар белгілі болды.

Астана. 18 шілде. Kazakhstan Today - Кедендегі ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің тек бір жылда алатын сыйақы мөлшері $100 млн-ға дейін жеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметі хабарлағандай, "Қорғас" және "Қалжат" кеден бекеттері арқылы ұзақ уақыт бойы контрабанда жасаған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істе жаңа жайттар белгілі болды.

"Сот ұйымдасқан қылмыстық топтың 33 мүшесін қамауға алуға санкция шығарды. Олардың қатарында жетекшілері Бақыт Отарбаев пен Талғат Қайырбаев та бар. Сонымен қатар, құқық қорғау және кеден органдарының жекелеген лауазымды тұлғалары да тұтқындалды. Олар ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің қылмыстық іс-әрекеттерін материалдық сыйақы үшін қолдап-қорғаштап отырған", - деп түсіндірді ведомвство өкілдері.

Қамауға алынғандардың түсініктемелеріне сәйкес, әр көліктен алынатын сыйақы 25 - 30 мың АҚШ долларын құраған. Оның тек $5 мыңы ғана ресми түрде бюджетке түссе, қалғаны қылмыстық топ мүшелері мен олардың жандайшаптары арасында бөлініп отырған.

"Контрабандалық тауардың еш бөгетсіз өткізілуі үшін ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері мен құқық қорғау органдарының жекелеген лауазымды тұлғаларына төленетін материалдық сыйақы көлемі тек бір жылда 100 млн АҚШ долларына дейін жеткен", - деп хабарлады Қаржы полициясы.

Сонымен қатар, ведомство өкілдері ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің қылмыстық жолмен тапқан және заңдастырған құны 130 млн АҚШ долларынан асатын мүліктеріне шектеу қойылғанын хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны