21.05.2008, 18:07 2868

Кедендік бақылау комитеті 2008 жылдың 4 айы ішінде кеден қызметкерлеріне қатысты 23 қылмыстық іс қозғады

Кедендік бақылау комитеті 2008 жылдың 4 айы ішінде кеден қызметкерлеріне қатысты 23 қылмыстық іс қозғады

Астана. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Кедендік бақылау комитеті 2008 жылдың 4 айы ішінде кеден қызметкерлеріне қатысты 23 қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің ішкі қауіпсіздік басқармасының бас қызметкері Данияр Оспанов хабарлады.

"Кедендік бақылау комитеті кедендік органдар қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтарын анықтап, оған тосқауыл қою жөніндегі жұмысын өз күшімен жандандырды. Соның нәтижесінде биылғы жылдың 4 айы ішінде кедендік органдардың құзырлы қызметкерлеріне қатысты 23 қылмыстық іс қозғалды", -деп ақпарат берді Д. Оспанов.

Ол еске салғанындай, өткен 2007 жылы осы уақыт аралығында кедендік бақылау комитетінің ішкі басқармасы кеден қызметкерлеріне қатысты 5 қылмыстық іс қозғаған.

"4 айдың ішінде кеден қызметкерлері тарапынан жасалған 35 сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталса, өткен жылдың осы уақытында кеденшілер тарапынан жол берілген 15 сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталды", - деп толықтырды КБК өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны