08.08.2006, 09:53 2746

Кедендік бақылау комитеті Қырғызстанмен шекарада жалған транзит жасау оқиғалары жиілеп кеткенін мәлімдейді

АЛМАТЫ. 8-тамыз. Kazakhstan Today. Кедендік бақылау комитеті Қырғызстанмен шекарада жалған транзитті жүзеге асыру оқиғалары жиілеп кеткенін мәлімдейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі "Хабар" агенттігінің жаңалықтарына сілтеме жасап.

Атап айтсақ, мәлімдемеде атап көрсетілгеніндей, кейінгі бірнеше аптада кәсіпкерлер тарапынан тауарды Қытайдан Қазақстан аумағы арқылы Қырғызстанға шығару, артынан осы тауарларды көтерімділігі шағын автокөліктерге тиеп, Алматыдағы ірі базарларда сату үшін Қазақстанға қайта әкелу оқиғалары жиілеп кеткен. Кедендік бақылау комитетінің ақпаратына сәйкес, кәсіпкерлерді Қырғызстаннан Қазақстанға тауар шығарудағы кедендік баж салығының төмендігі қызықтыратын болса керек. Бір аптаның ішінде кеденшілер елімізге дәл осындай жолмен әкелінген 3 бірдей аса ірі контрабанда оқиғасын әшкереледі. Кедендік бақылау комитетінің жетекшісі Асқар Шәкіров Жамбыл облыстық кеден мекемелерінің жетекшілерімен бірлесіп осындай оқиғаларға бұдан былай жол бермеу және ахуалды реттеу үшін шекарада шұғыл кеңес өткізді.

Сонымен бірге А.Шәкіров Қырғызстан үкіметінің жанындағы кедендік инспекцияның директорымен жүздесіп, контрабанда мен заңсыз есірткі айналымына тосқауыл қою үшін екі елдің кеден мекемелері арасындағы ынтымақтастық пен ықпалдастық жөніндегі халықаралық келісімге қол қойды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны