25.04.2012, 15:32 3477

Кедендік баж салығы төленбеген қырғызстандық көліктер тәркіленеді

"Заң бойынша Қырғызстаннан әкелінген көліктерді қазақстандық азаматтар алты ай, ал қырғызстандықтар бір жылға дейін міне алады. Аталған мерзім өткеннен кейін, ол көлік құралдарына кедендік баж салығы төленуі тиіс. Бірақ біздің азаматтар оған қарамай, жүре беретін көрінеді. Мамырдың 20-сынан бастап ондай машиналарды анықтайтын боламыз. Заңға сәйкес, біз оларды тәркілей аламыз", - дейді А.Ержанов.

Астана. 25-сәуір. Kazakhstan Today - Кедендік баж салығы төленбеген қырғызстандық көліктер мемлекеттің меншігіне тәркіленеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Аманияз Ержанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, қазіргі кезде елімізде кедендік баж салығы төленбеген қырғызстандық көліктер көп.

"Заң бойынша Қырғызстаннан әкелінген көліктерді қазақстандық азаматтар алты ай, ал қырғызстандықтар бір жылға дейін міне алады. Аталған мерзім өткеннен кейін, ол көлік құралдарына кедендік баж салығы төленуі тиіс. Бірақ біздің азаматтар оған қарамай, жүре беретін көрінеді. Мамырдың 20-сынан бастап ондай машиналарды анықтайтын боламыз. Заңға сәйкес, біз оларды тәркілей аламыз", - дейді А.Ержанов.

Бүгінгі таңда Қазақстан-Қырғызстан шекарасында тіркеуден өтетін көлік құралдарының дені транзиттік мақсатпен Ресейге өтіп жатады. Сол себепті елімізде қырғызстандық нөмірмен жүрген көліктердің нақты санын анықтау қиын болып тұр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны