08.10.2012, 10:51 3205

Кедендік одақ пен БЭК дағдарысқа қарсы жасаған біздің жауабымыз

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік "Бірінші арна" телеарнасының "Воскресное время" бағдарламасына берген сұхбатында осылай мәлім етті.

Астана. 8-қазан. Kazakhstan Today - Кедендік одақ пен БЭК дағдарысқа қарсы жасаған біздің жауабымыз, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік "Бірінші арна" телеарнасының "Воскресное время" бағдарламасына берген сұхбатында осылай мәлім етті.

"Нұрсұлтан Ибішұлы, әлемнің жетекші экономистері дағдарыстың және бір толқыны туралы ұдайы айтуда. Сіздің ойыңызша, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық әріптестігі бұл толқынды қалай жеңілдете алады?" деп сұрады хабар барысында арна журналисі Ирада Зейналова. "Шын мәнінде дағдарыс тоқтаған емес. 2007-2008 жылы басталған дағдарыс әлі де жалғасын табуда. Бұның өзі батыстық құндылықтардың әлемдік эрозиясын білдіреді. Бұдан бөлек байлықты ашкөздікпен қарпыған, жеңіл желпі кредитті пайдаланудың салдарынан туындаған тұтыну қоғамының эрозиясын да айтуымыз керек. Ендігі күні сол көпіршіктің жарылған сәті де келіп жетті. Сондықтан да Қазақстан, Ресей мен Беларусь Кедендік одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік арқылы Экономикалық одаққа жылжуы - бұл біздің ондай жағдайға қатысты қайтарған жауабымыз", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны