13.02.2012, 13:27 3614

Кедендік органдарға электрондық ақпарат алмасу мәселесін қарастыру жүктелді

"Кедендік органдар кез-келген мемлекеттік органдармен электрондық ақпарат алмасуды қарастырып, бизнес үшін электрондық кеденнің тиімді форматын қалыптастыру керек",- деді ол.

Астана. 13-ақпан. Kazakhstan Today - Кедендік органдарға электрондық ақпарат алмасу мәселесін қарастыру жүктелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Кедендік бақылау комитетінің алқа мәжілісінде премьер-министрдің орынбасары Қайрат Келімбетов мәлім етті.

"Кедендік органдар кез-келген мемлекеттік органдармен электрондық ақпарат алмасуды қарастырып, бизнес үшін электрондық кеденнің тиімді форматын қалыптастыру керек",- деді ол.

Қ. Келімбетов мысал ретінде салық органдарының бұл бағытта жинақтаған тәжірибесін атап өтті.

"Осы тұрғыда Қаржы вице-министрі Дәулет Ерғожин бұл жұмыстарды қадағалауы тиіс. Басты мақсат - бизнес үшін рұқсатнама құжаттарды алу тетігін жеңілдетіп, адами факторды азайту",- деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны