12.03.2013, 10:51 3390

Кедендік төлемдерді өндіріп алу Салық комитетіне тапсырылады

"Фиксальды қызметті кедендік органдардан салық органдарына тапсыру әкелімнен жүзеге асыруға дейін тура үдерісті қалыптастыруға мүмкіндік береді",- деді Б.Жәмішев.

Астана. 12-наурыз. Kazakhstan Today - Республикамызда кедендік және салықтық әкімшілік іс-шаралары жоспарына сәйкес фиксальды қызмет Салық комитетіне тапсырылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

"Фиксальды қызметті кедендік органдардан салық органдарына тапсыру әкелімнен жүзеге асыруға дейін тура үдерісті қалыптастыруға мүмкіндік береді",- деді Б.Жәмішев.

Ол атап өткендей, аталған шаралар кедендік және салықтық әкімшілікті жетілдіру іс-шаралары жоспарының жетінші бағыты болып есептеледі, ол маңызды мәселелерді қамтитын жеті негізгі блоктан құралған.

Аталған жоспар кедендік тарифтерді сәйкестендіруді, кедендік инфрақұрылымды дамытуды, электрондық мағлұмдауды енгізуді, электрондық рұқсаттар және лицензиялау жүйесімен ықпалдастықты, кәсіпкер мәртебесі тіркелімінсіз жеке тұлғалардың тауар әкелімін ынталандыруды, өкілетті экономикалық операторлардың институтын жетілдіруді қарастырады.

Қаржы министрлігі басшысы "басты жаңалық жаңа кедендік әкімшілікті салықтық әкімшілік үйлесімінде енгізу, ал кедендік құнның төмендеуі тауар ел ішінде сатылған жағдайда салық салумен тежелмейтінін" атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны