11.04.2008, 14:04 2700

Кеденшілер Ресей мен Беларусьтен жеткізілген контрабандалық қымбат көліктерден 30 млн теңге шығын келтірілгенін анықтады

Кеденшілер Ресей мен Беларусьтен жеткізілген контрабандалық қымбат көліктерден 30 млн теңге шығын келтірілгенін анықтады

Астана. 11 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Кеденшілер Қазақстанға Ресей мен Беларусьтен жеткізілген контрабандалық қымбат көліктерден 30 млн теңге шығын келтірілгенін анықтады. Бұл туралы бүгін өткен брифингте кедендік бақылау комитетінің бас маманы Данияр Оспанов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оның сөздері бойынша кедендік бақылау департаменті қызметкерлерінің арнайы өткізілген шұғыл шаралары кезінде Өскеменде 2007 -2008 жылдың қаңтар айлары аралығында Ресей мен Беларусьтен контрабандалық жолмен шетелдік қымбат маркалы көліктер кіргізіліп, оларға жалған кедендік жүк декларациялары толтырылғандығы анықталды.

"Мемлекеттік бюджетке кедендік төлемдер мен салық түрінде 30 млн теңге төленбей қалды ", - деп хабарлады Д. Оспанов.

"Қазақстанның кедендік шегарасы арқылы ірі көлемде заңсыз кіргізілген көліктерге байланысты ШҚО бойынша 14 қылмыстық іс қозғалды ", - деп мәлімдеді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны