Система Orphus

"KEGOC" АҚ-ына алдағы уақытта технологиялық бұзушылықтарды уақытылы хабарлау бойынша ұсыныстар берілді

03.03.2020, 22:56 5752

Алматы. 3 наурыз. Kazakhstan Today - "KEGOC" АҚ-ына алдағы уақытта технологиялық бұзушылықтарды уақытылы хабарлау бойынша ұсыныстар берілді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті 2020 жылғы 9 ақпанда болған технологиялық бұзушылықтардың туындау фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізді.

"ЮКГРЭС" ҚС-500 кВ ауданындағы қолайсыз метеожағдай, желдің жылдамдығы 30 м/сек-тан асатын күшті шаңды дауыл технологиялық бұзылыстың себебі болды. Соның салдарынан Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарында электр энергиясын беру шектелді.

Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша "KEGOC" АҚ-ға ұқсас технологиялық бұзушылықтарды энергетикалық қадағалау мен бақылау мемлекеттік органына уақытылы хабарлау жөніндегі негізгі ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды берілді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны