08.05.2013, 14:33 3605

KEGOC құнды қағаздарды орналастыру параметрлерін бекіткен соң IPO-ға шығу мерзімін жариялайды

"Барлық қажетті құжаттар белгіленген тәртіппен компанияның жалғыз акционері "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ пен ҚР Үкіметіне қарауға және шешім қабылдауға жіберілді. Орналастырудың негізгі параметрлері бекітілгеннен кейін KEGOC-тың IPO-ға шығу мерзімі белгіленеді және жария етілетін болады", - делінген "KEGOC" АҚ мәлімдемесінде.

Астана. 8-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің жүйелік операторы "KEGOC" АҚ құнды қағаздарды орналастыру параметрлерін бекіткен соң IPO-ға шығу мерзімін қосымша жариялайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.

"Барлық қажетті құжаттар белгіленген тәртіппен компанияның жалғыз акционері "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ пен ҚР Үкіметіне қарауға және шешім қабылдауға жіберілді. Орналастырудың негізгі параметрлері бекітілгеннен кейін KEGOC-тың IPO-ға шығу мерзімі белгіленеді және жария етілетін болады", - делінген "KEGOC" АҚ мәлімдемесінде.

Мәлімдемеде айтылғандай, қазіргі уақытта Компания кеңесшілер тобымен бірлесе отырып, "KEGOC" акциялар топтамасын қаржы нарығына шығару бойынша дайындық шаралары мен ішкі корпоративтік рәсімдерді аяқтады.

Естеріңізге сала кетейік, бұрын БАҚ беттерінде өтінімдер кітабын үстіміздегі жылдың 13 мамырынан бастап ашу мүмкіндігі айтылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны