08.05.2012, 12:33 3260

Кей аймақтарда жеке тұрғын үй құрылысына инфрақұрылымы жоқ жер телімдері бөлініп жатыр

Кейбір облыстарда жер телімдерін жеке тұрғын үй құрылысына беру жалғасуда. Биылғы жылдың басынан бері республика бойынша 2 мыңға жуық жер учаскесі бөлінді. Олардың ішінде 56 пайызы дайындалмаған алаңдардан берілген",-деп атап өтті агенттік төрағасы.

Астана. 8-мамыр. Kazakhstan Today - Кей аймақтарда жеке тұрғын үй құрылысына инфрақұрылымы жоқ жер телімдері бөлініп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін селекторлық режімдегі Үкімет отырысында Жер ресурстарын басқару агенттігінің басшысы Қадырхан Отаров мәлім етті.

"Кейбір облыстарда жер телімдерін жеке тұрғын үй құрылысына беру жалғасуда. Биылғы жылдың басынан бері республика бойынша 2 мыңға жуық жер учаскесі бөлінді. Олардың ішінде 56 пайызы дайындалмаған алаңдардан берілген",-деп атап өтті агенттік төрағасы.

Осы тұрғыда ол әкімдіктерге жер заңнамасына сәйкес жер телімдерін тек инфрақұрылымы жасақталған алаңдардан беруге назар аудару керектігін қадап айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны