15.06.2007, 17:27 3061

Келешекте Қазақстанда отандық және шетелдік ірі инвесторлардың ортақ бір кеңесі құрылуы мүмкін - президент

ӨСКЕМЕН. 15-маусым. Kazakhstan Today. Келешекте Қазақстанда отандық және шетелдік ірі инвесторлардың ортақ бір кеңесі құрылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін президенттің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 17-ші отырысының аяқталуына орай өткізілген баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Мемлекет басшысының түсініктемесіне сәйкес, "30 корпоративтік көшбасшы" жобасын жасау барысында қазақстандық компаниялардың өзі капиталды экспорттаушыға айналғаны атап көрсетілді. Мәселен, президенттің мәліметтеріне сәйкес, кейінгі жылдары қазақстандықтар басқа елдерге 20 млрд долларды экспорттаған, соның ішінде Ресейге жіберілген қаржы - $8 млрд болған. "Ел ішінде бұл қаржыны пайдаланатын құрал болмағандықтан, біз бұған рұқсат бердік. Сол кезде мен отандық компанияларды шақырдым, бір айдан кейін олар Қазақстанның өз ішінде құны 100 млрд долларды құрайтын 200 жобаны енгізді", - деді

Н.Назарбаев.

"Бұл еліміздің оңтүстігіндегі электр станциялары, ет, сүт және жүн өңдеп халықаралық нарыққа шығатын ірі кәсіпорындар, биоэтанол өндірісі тағы басқа да жобалар. Мысалы, біз Қытаймен бірлесіп Қорғастан Алматы облысындағы Жетігенге дейін темір жол салуды, Жезқазғаннан Каспий теңізіне дейін мұнай және газ құбырларын дамытуды жоспарлап оытрмыз. Басқаша айтқанда, олар бұл іске үлкен белсенділікпен кірісіп кетті және өз еліміздегі жобаларға қаржы бөлуге дайын", - деді президент.

Президенттің түсіндіруінше, 100 млн доллардан артық көлемде қаржы шығарғандарды Отандық инвесторлардың кеңесіне қамту туралы шешім қабылданған. "Келешекте біз отандық және шетелдік ірі инвесторлардың ортақ бір кеңес құратын шығармыз", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны