21.06.2012, 18:16 2782

Келесі жылға қарай мемлекеттік органдарға түсетін қағаз түріндегі корреспонденциялар 10 млн. құжатқа дейін қысқаратын болады

Бұл туралы бүгін Астанада мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел барысында Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

Астана. 21-маусым. Kazakhstan Today - Келесі жылға қарай мемлекеттік органдарға түсетін қағаз түріндегі корреспонденциялар 10 млн. құжатқа дейін қысқаратын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел барысында Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

"Мемлекет басшысының жүктеген міндеттерін жүзеге асыру барысында біз әлеуметтік маңызды қызметтердің 60 пайызын электронды форматқа ауыстыруымыз және оларды беруді оңтайландыруымыз қажет. Бұдан бөлек, алдағы уақытта рұқсат беру құжаттарының 80 пайызы автоматтандырылады", - деді А.Жұмағалиев.

Оның айтуынша, осындай жұмыстың нәтижесінде, мәселен лицензия алуға қатысты талап етілетін тізімнен құжаттың 853 түрі қысқаруы күтіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны