10.02.2021, 18:28 7284

Келісім, конвенция және шарт: Мәжіліс үш заң жобасын ратификациялауды мақұлдады

Мәжіліс депутаттары бірқатар ратификациялық заң жобаларын мақұлдады.
Нұр-Сұлтан. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары бірқатар ратификациялық заң жобаларын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Парламенті Мәжілісінің ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.
 
Депутаттар Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің Біріккен алқасы туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады. 
 
Хаттаманы ратификациялау одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің Біріккен алқасы туралы шарттың терминологиясын ЕАЭО туралы шарттың және ЕАЭО-ның Кеден кодексі туралы шарттың ережелеріне сәйкес келтіруге мүмкіндік береді. 
 
Осы шартқа ратификациялық түзетулерді қарау барысында депутаттар 10 жұмыс тобының ішінен түрлі бағыттар бойынша біріккен әріптестік шеңберінде тек біреуін қазақстандық тарап, ал 9-ын Ресей өкілдері басқаратынына назар аударды. 
 

Бұл мәселенің Қазақстанның мүддесін қорғау үшін маңызды, депутаттар барлық парламенттік интеграциялық бірлестіктердегі жұмыс тәсілдерін өзгерту үшін көптеген шараларды қолға алып келеді", - деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин.

 
Н.Нығматулиннің пікірінше, осындай қадамдарды жұмыс органдарында да жасау керек. 
 
Сонымен қатар, жалпы отырыста Палата ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауды беру туралы конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады.
 

Бұл Конвенцияның мақсаты Уағдаласушы Тараптардың бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауға немесе жазаны орындаушы мемлекеттің азаматына қатысты жаза тағайындалған мемлекеттің соты тағайындаған қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараларды қолдану жөніндегі қатынастарын реттеу", - деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

 
Бүгін депутаттар тарапынан мақұлданған ратификациялық құжаттардың қатарында "Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы бар. 
 

Осы Келісімді ратификациялау мемлекетаралық стандарттау жөніндегі қолданылатын құжаттардың анықтығы мен өзектілігін және мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату қағидаттарының тұтастығын қамтамасыз ету үшін құқықтық негіз жасауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны