20.05.2008, 15:57 2848

Кемеровода Тәжікстан азаматынан 13 кг героин тәркіленді

Кемеровода Тәжікстан азаматынан 13 кг героин тәркіленді

Душанбе. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Кемеровода Тәжікстан азаматынан 13 кг героин тәркіленді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Ер адам біраз уақыт бұрын есірткі сатып жатқан кезінде қылмыс үстінде қамауға алынды", - деп хабарлады Кемеровоның құқық қорғау органдары. Қылмыстық істі тергеу барысында тұтқындалушы жалдап тұрған пәтерге тінту жүргізілген. Милиция қызметкерлері 13 кг есірткі затын сол жерден тапқан.

"Героиннің түсу және сату арналары анықталу үстінде. Тергеу амалдары жалғасып жатыр", - деп хабарлады милиция.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны