27.08.2009, 18:33 3842

Кенші еңбегі қауіпсіздік техникасы мәселесіне баса назар аударуды талап етеді -Назарбаев

Кенші еңбегі қауіпсіздік техникасы мәселесіне баса назар аударуды талап етеді, деп атап өтті мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының Саран қаласында қарағандылықтарды Конституция күнімен және Шахтерлер күнімен құттықтау барысында.

Қарағанды. 27 тамыз. Kazakhstan Today - Кенші еңбегі қауіпсіздік техникасы мәселесіне баса назар аударуды талап етеді, деп атап өтті мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының Саран қаласында қарағандылықтарды Конституция күнімен және Шахтерлер күнімен құттықтау барысында.

"Шахтер еңбегі - құрметті еңбек, бірақ ол қауіп-қатерлермен де байланысты еңбек, сол себепті мен қауіпсіздік техникасы мәселесіне баса назар аударамын. Кенші - Қазақстанның мақтанышы. Инвесторларға мемлекеттен сіздердің еңбектеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ұдайы тапсырма беріледі",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Қазақстан өз экономикасының тұрақтылығын көрсетуде, біз дұрыс саяси таңдау жасадық. Біздің елімізде әр адамның табысы 10 жылда 17 есе ұлғайды, өндіріс 8 есе өсті", дей келіп Елбасы бұл нәтижелерге халқымыздың топтасқандығы мен достығы, елдегі саяси тұрақтылық арқасында қол жеткізілгенін атап көрсетті.

"Бұл басты байлықты сіздермен бірге сақтай білуіміз қажет", деді президент.

Ел президенті Қарағанды облысының барлық қалалары мен кенттерінде игілік болуына тілектестігін білдірді. "Мұнда нағыз еңбекқор адамдар, инженер мамандардың қаймағы өмір сүруде", - дей келіп, "Қазақстан индустрияландыру бағдарламасын бастап отырған қазіргі кезде Қарағанды облысы ерекше орын алады", деп мәлімдеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны